Дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 турнирінің ресми жеребе тарту рәсімі өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің ресми жеребе тарту рәсімі өтіп, спортшылар алғашқы қарсыласын білді.

Фото: t.me/kazjudoteam

Салтанатты рәсімге Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Тимур Болат, Федерацияның вице-президенттері Ержан Зайдинов пен Асхат Житкеев қатысты.

Фото: t.me/kazjudoteam

Сондай-ақ, іс-шараға Халықаралық дзюдо федерациясының атынан ұйымның спорт директоры Владимир Барта, төрешілік жөніндегі директор Рауль Камачо Перес және білім беру жөніндегі директоры Даниэль Ласкау қатысып, алдағы жарыстың жеребе тарту рәсімін өткізді. 

Фото: t.me/kazjudoteam

Федерация мәліметінше, 8-10 мамыр әлемнің үздік дзюдошылары Астана татамиінде өзара мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, Астанадағы Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды.