Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі Нұржан Исабеков хабарлады.
«Жаңажылдық мереке күндері медициналық көмек сұрап, денсаулық сақтау мекемелеріне 57 адам жүгінді. Оның 25-і Балаларға шұғыл көмек көрсету орталығына хабарласқан. 7 адам ауруханаға жатқызылды, оның 3-еуі бала. Оларға қол сүйегінің, беттің күйюі, терінің жыртылған жарақаты, көз алмасының контузиясы, бұлшық еттің соғылуы диагноздары қойылды», - деді бас оташы.
Жарақаттанғандардың ең үлкені 69 жаста, ең жасы - 6-да. Қазіргі уақытта олар ауруханада.