24 жастағы ОҚО тұрғыны Алматы әуежайындағы Желілік ішкі істер басқармасына жүгінді. Ол 560 000 теңге салынған әмиянын біреулер ұрлап кеткенін мәлімдеген.
Жедел іздеу шарасы барысында Криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері 58 жастағы ер адамды ізін суытпай ұстады.
Күдіктінің қалтасынан жоғалған зат табылды. Қазір ол заттар заттық айғақ ретінде іс материалдарына қосылды.
Аталған дерек ҚР ҚК 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді.