59 жастағы ер адам абайсызда немересінің басынан атқан

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ингушетия тұрғыны абайсызда өзінің 7 жасар немересінің басына қосауыз мылтықпен оқ атты.

Оқыс оқиға 20 шілдеде Назранов ауданы Али-Юрт ауданында орын алды. Жапа шеккенді Ингушетия республикалық клиникалық ауруханасының хирургиялық бөлімшесіне жеткізілді.

Аталып өтілгендей, 59 жастағы ер адамда қаруды сақтауға рұқсат беретін құжат болмаған. Полицейлер қаруды тәркіледі.  Аталған факт бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Lenta.ru.