«Сараптаулар барысында «ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясы» АҚ-ның 2011 жылғы қаңтар айында рұқсат құжаттарынсыз ілеспе газды жағуды жүзеге асырғаны белгілі болды. Аталған компанияның газды жағуға қатысты Мұнай және газ министрлігінен алынған рұқсаты тек 26 қаңтар күні ғана берілген болатын. Осылайша, компания ілеспе газды рұқсатсыз 26 күн бойы жағып келген. Сондықтан да, Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы геология және табиғатты пайдалану инспекциясына сұрау салдырып, экономикалық залал сомасын бекіту талабын жолдаған еді. Нәтижесінде аталған кезең аралығында «ҚазМұнайТеңіз» компаниясының рұқсат ету құжаттарынсыз 428 404 кубметр ілеспе газды жаққаны анықталды», - делінген баспасөз айғағында.
Осыған орай, келтірілген залал 6 млн. 300 мың 820 теңге шамасында белгіленген. Бұдан бөлек, компания әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 226 мың 800 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.