6-8 желтоқсан күндері Теміртау қаласында жаратылыстану-математика пәндерінен V Президенттік олимпиада өтеді
07:30, 06 Желтоқсан 2012
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - 6-8 желтоқсан күндері ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған шаралар аясында Қарағанды облысының Теміртау қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша V Президенттік олимпиада өткізеді.
Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада 2008 жылдан бері Мемлекет басшысының тікелей нұсқауымен өткізіліп келеді.
Олимпиаданың ашылу салтанаты 6 желтоқсанда Теміртау қаласының Мәдениет сарайында өтеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау салтанаты да осы Мәдениет сарайында 8 желтоқсан күні сағат 15.00-де өтпек.