6 ақпан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
6 ақпан БЕЙСЕНБІ
Халықаралық саамдар күні. 1917 жылы Норвегияның Тронхейм қаласында осы күні саамдардың жиналысы өтті. Оның мақсаты барлық солтүстік елдердегі осы халық өкілдерінің басын біріктіру болды.
Жаңа Зеландияның Ұлттық мейрамы - Вайтанга күні. 1840 жылы Вайтанга өзенінде маорий басшысы ел егемендігінің барлық құқықтары мен өкілеттігін ағылшын королевасына беру туралы келісімге қол қойып, Жаңа Зеландия Англияның колониясын айналды.
Халықаралық бармен күні (Қасиетті Аманда күні). Көптеген мемлекеттерде бармен мен рестораторлардың кәсіби мейрамы қасиетті Аманда күні атап өтіледі.
Шарап ашытушы мен бармендердің қорғаушысы қасиетті Аманда, Маастрихит епископы (584-679) Францияның, Германия мен Фландрияның шарап ашытатын аймақтарында шарап ашытушылардың, шарап сатушылардың, сырашының, бар мен мейрамхана иелерін, және де бар жұмысшыларының (барменнен ыдыс жуушыға дейін) ресми қорғаушысы болып табылады.
Боб Марли күні. 6 ақпан күні Ямайкада музыкант Боб Марлидің (1945-1981) туған күнін атап өтіледі.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
94 жыл бұрын (1920) Түркістан майданы революциялық әскери кеңесінің бұйрығына сәйкес жеке қазақ әскери бригадасы құрылды.
80 жыл бұрын (1934) Қарағанды қаласының іргесі Қарағанды көмір алабының орталығындағы шахтерлер кенттерінің негізінде қаланды. Тұрғындар санының тез өсуіне байланысты 1934 жылы қалаға, 1936 жылы облыс орталығына айналды. Жерінде қараған бұтасы көп өсетіндіктен қала Қарағанды деп аталған. 1833 жылы Аппақ Байжанов осы жерден тас көмір тауып, Қарағанды өңірін Өтепов деген бай орыстың кен кәсіпкері Н.Ушаковқа 250 сомға сатып жіберді. Бүгінгі таңда Қарағанды ғылым, білім, мәдениет орталығы. Қалада ҚР ҰҒА-ның Орталық Қазақстан бөлімшесі орналасқан. Сондай-ақ бірнеше жоғары оқу орындары, кәсіптік-техникалық мектептер, ауруханалар, кітапханалар, мұражайлар, театрлар, филармония, цирк, стадион және екі саябақ бар.
1 1 жыл бұрын (2003) Лондонда Қазақстан кинематографиясына арналған фестиваль ашылды.
22 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі құрылды.
Қазақстан Республикасының Күзет қызметі мемлекеттік орган ретінде, арнайы әскери құрылым және Республика Президентіне тікелей бағынышты болып табылады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қауіпсіздігін және Президентпен бекітілген тізімі бойынша мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ елімізге іс-сапармен келген шет мемлекеттерінің, үкімет басшылары және халықаралық ұйымдардың басшыларының қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге бағытталған. 7 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев йод жетіспеушілігі ауруларының алдын алу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуді әрі қарай жетілдіру мақсатында «Йод жетіспеушілігі ауруларының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
6 жыл бұрын (2008) Интернетте Қазақстан туралы иран тілінде хабар тарататын алғашқы www.yousefpiltan.blogf.com сайты ашылды.
Оны Алматы қаласының тұрғыны Жүсіп Пилтан жасап отыр. «Қазір ақпарат кеңістігінде әр ел өз саясатын насихаттап жатыр. Елде тіркелген шетелдік ақпарат агенттіктері де оған өз үлесін қосуда.
Өз сайтында ол Қазақстан жаңалықтары, баспасөзге шолу, мемлекеттік тендер, валюта бағамы, ауа райы болжамы деген айдарлар бойынша ақпарат таратып отыр.
Менің мақсатым - осы мүмкіндікті пайдаланып, әлемге Қазақстан туралы хабар тарату. Өйткені интернеттегі Қазақстан туралы иран тіліндегі мағлұматтар негізінен өзге шетелдік ақпарат агенттіктерінің аударма материалдарынан құралған.
5 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманы жетілдіруге және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне байланысты жекелеген әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
5 жыл бұрын (2009) Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Шәкәрім және Алаш Орда» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл - тарих ғылымдарының докторы, университет ректоры Ерлан Сыдықовтың көпжылғы зерттеулері.
Кітап Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің көмегімен шықты. Бұл кітапта алғаш рет Шәкәрім Құдайбердиевтің саяси қызметі көрсетілген. Шәкәрімнің Алаш Орда қозғалысына қатынасы туралы Кеңес Одағы дәуірі кезінде жасырын болатын. Қазақ халқының данышпан ұлы ақталғаннан кейін өмірінің осы қыры зерттелді.
4 жыл бұрын (2010) Атырауда жергілікті биліктің қарамағына «Аджип ККО» компаниясы салған жаңа сапаржайды тапсыру салтанаты өтті.
200 жолаушыға арналған екі қабатты сапаржай Атырау қаласының теміржол вокзалының жанында орналасқан. Сапаржайдың көліктер тұратын тұрағы бар. Кешенді сапаржай жолаушыларға қызмет ету үшін және көлік процесін халықаралық және қала маңындағы автобус жолдарын басқарып қатынау үшін арналған.
Сапаржайдың негізгі қызметі - 46 қалалық сапар желісін және 30 аудан аралық және 2 қала аралық рейстеріне қызмет ету.
3 жыл бұрын (2011) Алматыда Б. Шолақ атындағы спорт сарайында 7 Қысқы Азия ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Шараға Елбасы Н.Ә. Назарбаев пен жұбайы Сара Назарбаева қатысты. Айта кетейік, Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жеңіске жетіп, 70 медальді қанжығасына байлаған болатын. Оның 32-сі - алтын.
2 жыл бұрын (2012) ҚР Сыртқы істер министрлігін Ержан Қазыхановтың АҚШ-қа сапары аясында лорд Джонатан Айткеннің «Қазақстан. Тәуелсіздікке - 20 жыл: тосынсыйлар және стереотиптер» («Kazakhstan: Stereotypes and Surprises after 20 years of Independence») кітабының тұсаукесері өтті.
2 жыл бұрын (2012) Алматыда Қазақстандағы алғашқы халықаралық коучинг апталығы ашылды.
2 жыл бұрын (2012) «АЯЛА» қайырымдылық қоры Қазақстан Республикасының балалар кардиохирургиясын дамыту жөніндегі «Менің де өмір сүргім келеді» жобасы аясында сатып алынған медициналық құрал-жабдықтарды Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығына (ҰХҒО) табыстады. Хирургиялық құралдар жоғары сападағы материалдардан жасалған және жүректерінде туабітті ақауы бар кішкентай сәби-пациенттерге жасайтын арнайы операцияға арналған.
Бір жыл бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Эйрбас Милитари» компаниясының басшысы Доминго Уренья-Расомен кездесу өткізді. Кездесуде одан арғы ынтымақтастыққа, соның ішінде әскери-көлік авиациясына техникалық қызмет көрсету саласына байланысты ауқымды мәселелер қаралды.
Қазақстан Президенті «Эйрбас Милитари» компаниясымен бірқатар бірлескен жобалар іске асырылып жатқанын атап өтіп, өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету қажеттігіне тоқталды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ мен «Эйрбас Милитари» арасындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Испанияның «Эйрбас Милитари» компаниясы Еуропалық Аэроғарыш және Қорғаныс Концернінің (EADS) құрамына кіретін Airbus SAS авиақұрылыс компаниясының бөлімшесі болып саналады.
56 жыл бұрын (1958) Мюнхенде бортында «Манчестер Юнайтед» футбол командасы мүшелері бар ұшақ құлады. Қаза болған 23 адамның ішінде клубтың сегіз ойыншысы болған.
ЕСІМДЕР
1 10 жыл бұрын (1904-1983) актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі ОРЕЛ Евгений Ефимович дүниеге келді.
Тбилиси қаласында туған. Тбилиси қаласындағы актриса Е.Сатина жетекшілік еткен театр студиясында оқыған. 40-шы жылдары Қазақстанға келіп, 1942-1955 жылдары Семей орыс драма театрында, Ақмола (қазіргі Астана) облыстық орыс драма театрында бас режиссер қызметін атқарды. Орел негізінен орыс драматургиясының туындыларын, сонымен қатар қазақ жазушысы М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясын да сахналады. Ол облыстық радио мен телевизия жұмысына белсене ат салысып, бірқатар қызғылықты радиоқойылымдар мен телевизиялық спектакльдер қойды.
8 1 жыл бұрын (1933-1999) балет әртісі, педагог, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, Қазақ КСР-нің халық әртісі, Бүкілодақтық классикалық билер байқауының лауреаты КӨШЕРБАЕВА Сара Ыдырысқызы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Алматы хореография училищесін бітіріп, Санкт-Петербор орыс балет академиясында мамандығын жетілдірген. 1954 жылдан Қазақ академиялық опера және балет театрының балет труппасында соло-биші болған. 1975-1986 жылдары Алматы хореография училищесінің директоры болып, әрі педагогикалық қызметпен де шұғылданған. Раймонда (А.Глазунов «Раймонда»), Одетта-Одиллия, Аврора (П.Чайковский «Аққу көлі», «Ұйқыдағы ару»), Сүйімбике (Ф.Яруллин «Шурале»), Китри, Никия (Л.Минкус «Дон Кихот», «Баядерка»), Мария (Б.Асафьев «Бақшасарай бұрқағы»), Жизель (А.Адан «Жизель»), т.б. партияларды орындаған. Бишілік өнері әсем де мәнерлі қимылымен, үздік би техникасымен ерекшеленеді. Бишілер тобының құрамымен Германияда, Венгрияда, Моңғолияда, т.б. елдерде өнер көрсеткен.
«Халықтар достығы», екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
7 8 жыл бұрын (1936-1995) ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі АЗНАБАЕВ Эдуард Қасымұлы дүниеге келді.
Жамбыл облысы Мерке ауданында туған. М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
1964-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Геологиялық ғылымдар институтының аға инженері, кіші, аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Батыс Қазақстандағы Орталық кешенді отын-энергетика бөлімшесінің директоры, зертхана меңгерушісі. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Қазақ минералдық шикізаттар ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
Негізгі ғылыми-зерттеу бағыты Қазақстандағы шөгінді мұнай-газ алаптарының геологиялық құрылымын, мұнай мен газдың жер қойнауында орналасу заңдарын, көмірсутектердің пайда болуын, олардың кезеңдік, температуралық өзгеруін, орналасуын зерттеуге арналған. Сондай-ақ ол Қазақстанның 1:1 500 000 масштабтық тарихи-генетикалық мұнай-газ картасын жасауға қатысты.
7 4 жыл бұрын (1940) биология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Педагогикалық Білім беру Ғылымдары Академиясының, Халықаралық Акмеологиялық Ғылымдар Академиясының, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры ПАНИН Михаил Семенович дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Семей педагогикалық институтын бітірген. Семей педагогикалық институты химия кафедрасының меңгерушісі, биология-химия факультетінің деканы, оқу ісі жөніндегі проректоры, ректоры, «Семей» мемлекеттік университетінің, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 2004 жылдан.
650-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы, олардың арасында бес монография, жоғарғы мектеп проблемасы жөнінде 70 ғылыми-әдістемелік жұмысы бар. Сондай-ақ ол «Химиялық экология» пәні бойынша жоғарғы оқу орындары үшін алғашқы оқулық жазған ғалым. 2000 жылы оған Қазақстан Республикасы ғылымы мен техникасын дамытуға қосқан аса зор еңбегі үшін Мемлекеттік ғылыми стипендия берілген.
«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. Семей қаласының құрметті азаматы.
7 1 жыл бұрын (1943) «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі ӘБДІРАХМАНОВ Есіркеп Онланбекұлы дүниеге келді.
Тараз қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан Ғылым академиясы Ядролық физика институтының инженері болған. 1978-1984 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің зертхана меңгерушісі, проректоры. 1989-1990 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Математика және механика институтының аға ғылыми қызметкері. 1993-1994 жылдары - «Байқоңыр» ғарыш айлағы басқармасы бастығының бірінші орынбасары. 1994-1995 жылдары - Ұлттық радиоэлектроника және байланыс орталығы бас директорының орынбасары. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік даму департаментінің директоры. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі Салалық саясат департаментінің директоры. 2000-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі Салааралық үйлестіру департаментінің директоры. 2004 жылдан «Kazakhstan Engineering» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Техникалық саясат департаментінің директоры, акционерлік қоғам президентінің кеңесшісі, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» қауымдастығының атқарушы директоры қызметтерін атқарған.
Медальдармен марапатталған.
6 3 года назад (1951) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы жәнен бюджет комитетінің мүшесі САЯПОВА Зухра Алеутдиновна дүниеге келді.
Ақмола облысында туған. Целиноград педагогикалық институтын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін 1974 жылы кәсіптік училищеге физика пәнінің оқытушысы болып жұмысқа орналасқан. Осы училищеде 35 жыл жұмыс істеп, зейнетке шыққан. Мұғалім қызметімен қатар 1994 жылы татар-башқұрт мәдени орталығын ұйымдастыруға және ашуға қатысқан. 1997 - 2012 жылдары - татар-башқұрт жексенбілік мектебінің директоры. 1997 - 2001 жылдары - Астана қаласындағы «ТАҢ» татар-башқұрт мәдени орталығының төрайымы. 2001 - 2010 жылдары - Астана қаласындағы «ТАҢ» татар-башқұрт мәдени орталығы төрағасының орынбасары. 2010 - 2012 жылдары - Астана қаласындағы «ТАҢ» татар-башқұрт мәдени орталығының төрайымы. 1997-2012 жылдары- Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. 2012 жылғы қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. «Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған. Ағылшын, татар, қазақ тілдерін меңгерген.
6 2 год назад (1952) Қазақстан Кәсіподақтары Федерациясының төрағасы ҚҰСАЙЫНОВ Әбілғазы Қалиақпарұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған. Қарағанды тау-кен техникумының тау-кен факультетін (1971) техник-шахта салушы мамандығы бойынша; Қарағанды политехникалық институтының автожол факультетін (1981) инженер-механик мамандығы бойынша; Ресей басқару академиясының саясаттану факультетін (1992) саясаткер (әлеуметтік-саяси мәселелер және байланыс бойынша кеңесші) мамандығы бойынша бітірген.
1971 жылдан - РКФСР Кемеров облысы Шерегеш кенішінің 5-ші разрядтағы үңгілеуші. 1972 жылдын - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1974 жылдан - «Қарағандыкөмір» бірлестігі «Долинская» шахтасының тау-кен шебері. 1975 жылдан - №2 тау-кен кәсіби техникалық училищесінің шебері, аға шебері (Қарағанды қаласы). 1980 жылдан - Қазақстан Компартиясы Киров аудандық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, аудандық атқару комитеті төра- ғасының бірінші орынбасары, Қарағанды облыстық комитетінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы. 1991 жылдан - Қарағанды облысы Мемлекеттік баға және монополияға қарсы саясат комитетінің төрағасы. 1996 жылдан - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі. 1999 жылдың наурызынан - ҚР Парламенті Сенатының төрағасының орынбасары. 1999 жылдың желтоқсанынан - ҚР көлік және коммуникациялар вице-министрі . 2001 жылдан - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы. 2002 жылдың наурызынан - ҚР экономика және сауда вице-министрі. 2002 жылдың қыркүйегінен - ҚР индустрия және сауда вице-министрі 2003 жылдан - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің төрағасы (2004 жылдан - Техникалық реттеу және метрология комитеті). 2005 жылдан - ҚР көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі. 2007 жылдың қазанынан ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы.
2009 жылдың наурызынан бері - ҚР көлік және коммуникациялар министрі.2012-2013 жылдары - Қарағанды облысының әкімі. Қазіәргі қызметінде 2013 жылғы қаңтардан бері.
«Құрмет» орденімен (2006); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Тыңға 50 жыл» (2004). «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен; КСРО көмір өнеркәсібі министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған (1985).
59 жыл бұрын (1955) кинорежиссер, продюсер, киносценарист, актер, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі ҚАРПЫҚОВ Абай Сәдуақасұлы дүниеге келді.
Талдықорған облысында туған.
Мәскеу мемлекеттік тарих-мұрағат институтын, С.Герасимов атындағы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының режиссерлік факультетін бітірген.
Тұңғыш қысқа метражды көркем фильмі республика жас кинематографистерінің «Бастау - 83» байқау конкурсында үздік шықты.
А.Қарпықов отандық алғашқы «Тоғысқан тағдырлар», «Шегіртке» сериалдарының продюссері болып табылады. Сондай-ақ, «Полторы штуки», «Влюбленная рыбка», «Воздушный поцелуй», «Дорога дорогой, дорогая», «Автобус в час пик», «Бахыт. Первая кровь», «Ясновидец Мажикен», «Тот, кто нежнее», «Фара» фильмдерін түсірген.
5 3 жыл бұрын (1961) жазушы, «Тарлан - Үміт» сыйлығының иегері, «Жас өркен» ЖШС-нің директоры ҚОРҒАСБЕК Жүсіпбек дүниеге келді.
Алматы облысында туған. М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. Еңбек жолын «Жас алаш» газетінен бастаған ол «Қазақ әдебиеті» газетіне ауысып, тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, бас редакторы,«Жас алаш» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта «Жас өркен» ЖШС-нің директоры. «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының тең төрағасы. 1995 жылы «Жалын» баспасынан «Көгілдір керуен» атты әңгімелер жинағы, 1995 жылы «Жансебіл» атты повестер мен әңгімелер топтамасы жарық көрген. Осы кітабының негізінде түсірілген осы аттас көркемфильм киносценарийінің авторы.
5 4 жыл бұрын (1960) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі СМАҒҰЛ Бақытбек дүниеге келді.
Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. 1975-1978 жж. - Қазалы қаласындағы 34-ші селолық кәсіптік-техникалық училищені қызыл дипломмен бітірген. 1979-1981 жж. Совет Армиясы қатарына шақырылған. Арнайы дайындықтан өткеннен кейін 1979 жылғы 27 желтоқсанда Ауған Халық Демократиялық Республикасында әскери қызметін атқаруға жіберілген. 1981-1985 жж. Алматы құрылыс техникумын өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс мамандығы бойынша бітірген. 2000-2004 жж. Орталық Азия университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2004-2008 жж. - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. 1985-1989 жж. - Алматы қаласы Калинин аудандық құрылыс-жөндеу басқармасының инженер-техникалық қадағалаушысы. 1989-1995 жж. - шағын кооператив директорының орынбасары. 1995-1996жж. - Алматы қаласындағы Уақытша автотұрақ басқармасының бастығы. 1996-1997 жж. - "Болашақ" базарының директоры. 1997-1998 жж. - Алматыдағы "Көк базардың" бас әкімшісі. 1998-1999 жж. - "Сәлем" базарының директоры. 2000-2005 жж. - "Тайқазан Техносервис" ЖШС бас директорының орынбасары. 2005-2011 жж. - Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының "ҚАЗАҚСТАН АРДАГЕРЛЕРІ" қауымдастығы төрағасының орынбасары, самбодан әлемнің екі дүркін чемпионы Асқар Шайхиев атындағы Таэкван-до спорт клубының президенті және "Сауап" қоғамдық қорының президенті. 2012 жылғы қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік - мәдени даму комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. Қазалы ауданының "Құрметті азаматы". II дәрежелі «Айбын», "Құрмет", "За заслуги", "Долг и честь" ордендерінің кавалері, Ресей Федерациясының, Ауғанстан Ислам Республикасының, Монғолия Республикасының медалдарымен және құрмет грамоталарымен марапатталған. Таэкван-додан V дан - қара белбеу иегері. "Ауғанның от жалыны", "Мен көрген соғыс", "Война, которую видел я", "Қан кешкен күндер", "Намыстың құлы - Алаштың ұлы", "Қаhарман", "Үш қырлы жебе" кітаптарының авторы. Б.Момышұлының "Қолбасшы күнделігі - Дневник командира" еңбегін басып шығарған. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі. ҚР Президентінің тапсырмасыменен "Алғашқы әскери дайындық" пәні бойынша Мемлекеттік бағдарлама әзірлеген. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
4 4 жыл бұрын (1970) Жамбыл облысы әкімінің орынбасары ЕСҚАЛИЕВ Ғали Нәжімеденұлы дүниеге келді.
Орал облысында туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын және Халықаралық бизнес академиясын бітірген. 1993 жылдан - Приурал агроөнеркәсіп комбинаты ғылыми-өндірістік кәсіпорнында аға сарапшы. 1994-1998 жылдары - «Тұран-Әлем» банктің Батыс Қазақстан басқармасында аға экономист, бөлім бастығы. 1998-2003 жылдары - «Темірбанк» ААҚ Орал филиалының директоры. 2003-2004 жылдары - Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің бастығы. 2004-2005 жылдары «Градиент» Батыс Қазақстан аймақтық инвестициялық орталығының жетекшісі. 2006-2008 жылдары - «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарушы директоры. 2008-2009 жылдары - «Қазақстанның даму банкі» АҚ вице-президенті. 2009-2011 жылдары «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы. Қазіргі қызметінде - 2012 жылғы наурыздан бері.
15 3 жыл бұрын (1861-1953) орыс химигі, органикалық катализ бен мұнай химиясы негізін қалаушлардың бірі ЗЕЛИНСКИЙ Николай Дмитриевич дүниеге келді.
126 жыл бұрын (1888-1968) музыкатанушы, өнертану ғылымының докторы, Мәскеу консерваториясының профессоры БЕЛЯЕВ Виктор Михайлович дүниеге келді.
Ресейде туған. 1959 жылдан өмірінің соңына дейін Мәскеудегі Өнер тарихы институтының аға ғылыми қызметкері болған. Ол КСРО халықтарының музыкасын зерттеумен шұғылданған. Қазақ музыкасы фольклорын да зерттеп, бірнеше еңбек жазған. Оның «КСРО халықтары музыкасы тарихының очерктері» атты екі томдық еңбегінің 1 тарауын «Қазақ халқының музыка мәдениеті» деген атпен қазақ музыкасына арналған.
«Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған.
103 жыл бұрын (1911-2004) АҚШ-тың 40-шы президенті Рональд Уилсон РЕЙГАН дүниеге келді.
54 жыл бұрын (1960) ресей продюсері, композитор, Ресей өнеріне еңбек сіңірген қайраткер МАТВИЕНКО Игорь Игоревич дүниеге келді.
53 жыл бұрын (1961) ресейлік телевизия қайраткері, Бірінші арнаның бас директоры, «Доднако» журналы құрылтайшыларының бірі ЭРНСТ Константин Львович дүниеге келді.
119 жыл бұрын (1896-1976) америкалық диетолог, «Ашығу кереметі» кітабының авторы Поль БРЭГГ дүниеге келді.
82 жыл бұрын (1932-1984) француз кинорежиссері Франсуа ТРЮФФО дүниеге келген.