6 ақпан күні Астанада «Қазақ аруы» байқауының кастингі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 6 ақпан күні, астаналық арулар «Қазақ аруы» байқауының іріктеуіне қатыса алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Астана, ертең кастинг. Жалпы талаптар - қазақ тілін жетік меңгеру, сұлу, ақылды және талантты болу, бойы 170 см-ден жоғары, салмағы - 53 келіден артық болмау керек, 16-22 жас аралығындағы қыздар бақ сынай алады», - деп хабарлады «Кешью» тобының ресми аккаунты (Баян Мақсатқызы продюсерлік етеді).

Кастинг Астанада 6 ақпан күні,12:00-18:00 аралығында өтеді.

Сұлулық байқауы осымен жетінші рет өтеді. Оның үшеуі Астанада өткізілген.

Еске сала кетсек, «Қазақ аруы-2016» 16 наурызда өтті. Онда Атырау облысының тумасы Альмира Ахатова жеңімпаз атанды.