6 ақпан күні республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыздығы сақталады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 ақпан күні республика аумағының басым бөлігінде бұрынғыша атмосфералық фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыздығы сақталады, жер-жерлерде қар, боран, қатты жел, жекелеген аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.

Атырау, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Маңғыстау облысында жел 15-20 м/с-қа күшейеді, кейбір аудандарында тұман, көктайғақ болып, боран соғады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады.