6 ақпан. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 6 ақпанға арналған «Тұлғалар туған күн» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

71 жыл бұрын (1952) қоғам қайраткері Әбілғазы Қалиақпарұлы ҚҰСАЙЫНОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. Қарағанды тау-кен техникумының тау-кен факультетін (1971) техник-шахта салушы мамандығы бойынша, Қарағанды политехникалық институтының автожол факультетін (1981) инженер-механик мамандығы бойынша, Ресей басқару академиясының саясаттану факультетін (1992) саясаткер (әлеуметтік-саяси мәселелер және байланыс бойынша кеңесші) мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1971 жылдан – РКФСР Кемеров облысы Шерегеш кенішінің 5-ші разрядтағы үңгілеушісі. 1972 жылдын – Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1974 жылдан – «Қарағандыкөмір» бірлестігі «Долинская» шахтасының тау-кен шебері. 1975 жылдан – №2 тау-кен кәсіби техникалық училищесінің шебері, аға шебері (Қарағанды қаласы). 1980 жылдан – Қазақстан Компартиясы Киров аудандық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Қарағанды облыстық комитетінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы. 1991 жылдан – Қарағанды облысы Мемлекеттік баға және монополияға қарсы саясат комитетінің төрағасы. 1996 жылдан – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі. 1999 жылдың наурызынан – ҚР Парламенті Сенатының төрағасының орынбасары. 1999 жылдың желтоқсанынан – ҚР көлік және коммуникациялар вице-министрі . 2001 жылдан – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы. 2002 жылдың наурызынан – ҚР экономика және сауда вице-министрі. 2002 жылдың қыркүйегінен – ҚР индустрия және сауда вице-министрі. 2003 жылдан – ҚР Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің төрағасы (2004 жылдан - Техникалық реттеу және метрология комитеті). 2005 жылдан – ҚР көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі. 2007 жылдың қазанынан – ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы. 2009 жылдың наурызынан – ҚР көлік және коммуникациялар министрі. 2012-2013 жылдары – Қарағанды облысының әкімі. 2013-2017 жылдары – ҚР Кәсіподақтар федерециясының төрағасы.

«Құрмет» орденімен (2006); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Тыңға 50 жыл» (2004). «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен; КСРО көмір өнеркәсібі министрінің Құрмет грамотасымен (1985) марапатталған.

6 8 жыл бұрын (1955) кинорежиссер, продюсер, киносценарист, актер Абай Сәдуақасұлы ҚАРПЫҚОВдүниеге келді.

Талдықорған облысында туған. Мәскеу мемлекеттік тарих-мұрағат институтын, С. Герасимов атындағы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының режиссерлік факультетін бітірген.

Тұңғыш қысқа метражды көркем фильмі республика жас кинематографистерінің «Бастау-83» байқау конкурсында үздік шықты. А. Қарпықов – отандық алғашқы «Тоғысқан тағдырлар», «Шегіртке» сериалдарының продюссері. Сондай-ақ «Полторы штуки», «Влюбленная рыбка», «Воздушный поцелуй», «Дорога дорогой, дорогая», «Автобус в час пик», «Бахыт. Первая кровь», «Ясновидец Мажикен», «Тот, кто нежнее», «Фара» фильмдерін түсірген.

6 3 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы мемлекеттік және қоғам қайраткері Бақытбек СМАҒҰЛ дүниеге келді.

Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. 1975-1978 жылдары Қазалы қаласындағы 34-ші селолық кәсіптік-техникалық училищені қызыл дипломмен бітірген. 1979-1981 жылдары Совет Армиясы қатарына шақырылған. Арнайы дайындықтан өткеннен кейін 1979 жылғы 27 желтоқсанда Ауған Халық Демократиялық Республикасында әскери қызмет атқаруға жіберілген. 1981-1985 жылдары Алматы құрылыс техникумын өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс мамандығы бойынша бітірген. 2000-2004 жылдары Орталық Азия университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2004-2008 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1985-1989 жылдары – Алматы қаласы Калинин аудандық құрылыс-жөндеу басқармасының инженер-техникалық қадағалаушысы. 1989-1995 жылдары – шағын кооператив директорының орынбасары. 1995-1996 жылдары – Алматы қаласындағы Уақытша автотұрақ басқармасының бастығы. 1996-1997 жылдары – «Болашақ» базарының директоры. 1997-1998 жылдары – Алматыдағы «Көк базардың» бас әкімшісі. 1998-1999 жылдары – «Сәлем» базарының директоры. 2000-2005 жылдары – «Тайқазан Техносервис» ЖШС бас директорының орынбасары. 2005-2011 жылдары – Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы төрағасының орынбасары, самбодан әлемнің екі дүркін чемпионы Асқар Шайхиев атындағы Таэкван-до спорт клубының президенті және «Сауап» қоғамдық қорының президенті. 2012-2016 жылдары – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Қазалы ауданының «Құрметті азаматы». II дәрежелі «Айбын», «Құрмет», «За заслуги», «Долг и честь» ордендерінің кавалері, Ресей Федерациясының, Ауғанстан Ислам Республикасының, Монғолия Республикасының медальдарымен және құрмет грамоталарымен марапатталған.

Таэквандодан V дан қара белбеу иегері. «Ауғанның от жалыны», «Мен көрген соғыс», «Война, которую видел я», «Қан кешкен күндер», «Намыстың құлы – Алаштың ұлы», «Қаhарман», «Үш қырлы жебе» кітаптарының авторы.

6 2 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жоғары қолбасшылығының өкілі, генерал-майор Әділбек Қалибекұлы АЛДАБЕРГЕНОВ дүниеге келген.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Рязань жоғары әуе-десанттық командалық училищесін (1984); М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияны сырттай (1996) бітірген.

Еңбек жолы: Орта Азия әскери округі әскерлері қолбасшысының қарамағына жіберіліп, 42610 әскери бөлімнің арнайы жасақталған тобының командирі Прикарпат әскери округі 186-ші арнайы мақсаттығы жеке жасақ тобының командирі, Ортаазия әскери округі 71170 әскери бөлімінің арнайы жасақталған отряды арнайы жасақталған тобының командирі, Германиядағы кеңес әскерлері тобы п.п. 83149 әскери бөлімінің арнайы жасақталған отряды арнайы жасақталған тобының командирі болды (1984-1988); Германиядағы кеңес әскерлері тобы 83149 әскери бөлімінің арнайы жасақталған отряды арнайы жасақталған ротасының командирі, 21208 әскери бөлімі арнайы жасақталған отряд командирінің орынбасары – штаб бастығы, Приволжье-Орал әскери округі арнайы жасақталған бригадасы арнайы жасақталған отряд командирінің орынбасары – штаб бастығы, ҚР ҚМ-нің қарамағында, жеке гвардиялық әуе-десанттық бригадасының парашют-десанттық батальоны командирінің орынбасары, жеке гвардиялық әуе-десанттық бригадасының парашют-десанттық батальон командирі, жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы командирінің орынбасары – штаб бастығы (1988-1997); жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасының командирі, Ұтқыр күштер қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, 14776 әскери бөлім басқармасының бастығы, Ұтқыр күштер қолбасшысының орынбасары Ұтқыр күштер қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы (1997-2004); «Батыс» аймақтық қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы (2004-2007); «Шығыс» аймақтық қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы (2007-2009); 14776 әскери бөлімнің командирі, ҚР Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы (2009-2013); ҚР ҚК Құрлықтағы әскерлер штабының бастығы – Бас қолбасшының бірінші орынбасары (2013-2016); Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары (2016-2021).

Қазіргі лауазымын 2016 жылдан бері атқарып келеді.

«Қызыл жұлдыз» (1986), ІІ дәрежелі «Айбын», ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен; 14 медальмен наградталған.

56 жыл бұрын (1967) Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Заманбекұлы БАЙБЕКОВдүниеге келді.

Семей (қазіргі - Абай) облысында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, экономист (1996); Қазақ мемлекеттік заң академиясы, заңгер (2001).

Еңбек жолы: Семей облысы Жаңасемей аудандық инспекциясының аға инспекторы (1988-1990); Семей қаласы бойынша салық инспекциясының қызметкері (1990-1999); Павлодар қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы (1999-2002); Астана қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, Астана қаласы, Қарағанды ​​облысы бойынша Салық комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, Салық департаментінің бастығы. Астана қаласы бойынша Салық кодексінің Есіл ауданы бойынша (2002-2014); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2014-2017); Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2017-2019); Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімі (2019-2022).

2022 жылдың шілдесінен бастап қазіргі қызметінде.

45 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Болат Анапияұлы ТІЛЕПОВ дүниеге келді.

Кентау қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін саясаттанушы, саясаттану оқытушысы мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: 2001-2005 жылдары «Стратегия» талдау орталығы» қоғамдық қорының сарапшысы, Әлеуметтік-саяси зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, Саяси технологиялар орталығының аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. 2005-2006 жылдары – Алматы қаласы әкімі аппаратының Қазақстан халқы кіші ассамблеясы меңгерушісінің міндетін атқарушы, хатшылық меңгерушісі. 2008 жылы Алматы қаласы Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2008 жылдан 2013 жылға дейін – Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы. 2013-2014 жылдары – «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы. 2014-2015 жылдары – ҚР Қорғаныс министрлігінің Әкімшілік департаменті басшысының орынбасары. 2015-2016 жылдары – ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі. 2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі. 2019-2020 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

2022 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.

43 жыл бұрын (1980) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының бас директоры Ахан Айқынұлы САРМАНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ ұлттық техникалық университетін ақпаратты қорғау және қауіпсіздігі мамандығы бойынша бітірген (2002).

Еңбек жолы: қалалық Жас таланттар сарайында компьютерлік үйірме жетекшісі (1999-2002); «Қазақтелеком» АҚ, «Алматытелеком» ГКТ, «Қазақтелеком» АҚ КҚК әртүрлі бөлімшелерінде жұмыс істеді, мәліметтер базасын әкімшілендірумен айналысты, бағдарламалық-аппараттық жобаларды әзірлеуге және техникалық қызмет көрсетуге қатысты (2002-2006); «БТА Ипотека» АҚ маманы, аға маманы, жетекші маманы, даму бөлімінің бастығы (2006-2009); «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ IT директоры (2009-2010); «Азия қаржылық технологиялар орталығы» ЖШС сақтандыру компанияларының жүйелерін әзірлеу, халықтан төлемдер қабылдау, сыртқы жүйелермен және шлюздермен интеграциялау жөніндегі жоба менеджері (2010-2015); банктің жаңа ақпараттық жүйеге көшу жөніндегі жоба жетекшісі, «РБК Банк» АҚ бөлім басшысы (2015-2017); «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2017-2021 жж.).

2021 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.