АСТАНА. KAZINFORM — Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымда оқитын оқушылар қашықтан оқытуға көшірілді, деп хабарлайды Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі.
— 2026 жылғы 6 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.
Осыған дейін ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
Айнұр Тумакбаева
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ түлегі. 2024 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.