6 ақпанда республика бойынша қай жолдарда қозғалыс шектелді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
Ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде барлық көлік түрі үшін қозғалы шектелді:
Павлодар облысы
• «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» 0-231-шақырымы (Қарағанды обл. шекарасы – Қалқаман кенті);
• «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолымен – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы (Үрлітөбе БӨП)» 191-390-шақырым (Мичурино ауылы – РФ шекарасы);
• «Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы (Амангелді БӨП)» 0-263-шақырым (Атамекен к. – РФ шекарасы);
• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (Қосақ БӨП)» 254-415-шақырым (Атамекен к. – Шідерті к.);
• «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» 1135-1206-шақырым (Қарағанды обл. шекарасы – Шідерті к.);
• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» 200-254-шақырым (Ақмола обл. шекарасы – Шідерті к.).
Ақмола облысы
• «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» 16-51-шақырым (Қосшы қ. – Қарағанды обл. шекарасы);
• «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» 18-232-шақырым (Астана қ. – Щучинск қ.);
• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» 16-200-шақырым (Астана қ. – Павлодар обл. шекарасы);
• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы (Қайрақ БӨП)» 16-347-шақырым (Астана қ. – Жақсы к.);
• «Астана – Қарағанды – Алматы» 30-92-шақырым (Жібек жолы төлем пункті – Қарағанды обл. шекарасы);
• «Астана – Қорғалжың (қорыққа кіреберіс жолымен)» 19-124-шақырым (Астана қ. – Қорғалжын к.).
Қарағанды облысы
• «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» 51-101-шақырым (Ақмола обл. шекарасы – Нұра к.);
• «Астана – Қарағанды – Алматы» 92-164-шақырым (Ақмола обл. шекарасы – Теміртау төлем пункті);
• «Астана – Қарағанды – Алматы» 248-592-шақырым (Атамекен а. – Балқаш қ.);
• «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» 17-217-шақырым (Қарағанды қ. – Қарқаралы қ.);
• «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» 970-1135-шақырым (Қарағанды қ. – Павлодар обл. шекарасы);
• «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» 788-906-шақырым (Ұлытау обл. шекарасы – Топар а.).
Ақтөбе облысы
• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» 776-965-шақырым (ЭКО ойл ЖҚС – Қарабұтақ к.);
• Осы жолдың 965-1240-шақырым (Қарабұтақ к. – Қызылорда обл. шекарасы).
Қызылорда облысы
• Аталған халықаралық дәліздің 1240-1806-шақырым (Ақтөбе обл. шекарасы – Қызылорда қ.);
• 1806-2047-шақырым (Қызылорда қ. – Бесарық а.).
Ұлытау облысы
• «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» 750-788-шақырым (Жаңаарқа к. – Қарағанды обл. шекарасы).
Жетісу облысы
• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» 561-615-шақырым (Үшарал қ. – Абай обл. шекарасы).
Абай облысы
• Сол жолдың 615-768-шақырым (Жетісу обл. шекарасы – Аягөз қ.);
• «Таскескен – Бақты (ҚХР шекарасы)» 0-75-шақырым (Таскескен – Үржар);
• «Астана – Қарағанды – Алматы» 592-750-шақырым (Балқаш қ. – Жамбыл обл. шекарасы);
• «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» 910-1002-шақырым (Қалбатау – Көкпекті).
Шығыс Қазақстан облысы
• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» 1013-1062-шақырым (Абай обл. шекарасы – Рубеж бекеті).
Сондай-ақ «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көпір өткелінің шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жол айрығы учаскесі – Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығатын жол жабылды.
Ал Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.
Еске салайық, бұған дейін 6 ақпанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланғанын хабарлағанбыз.