6 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 6 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультация жарияланды.

Фото: Kazinform

Солтүстік антициклон ҚР басым бөлігінің ауа райын анықтайды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

— Тек елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты аздаған қар жауады. Қазақстан Республикасы бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, солтүстік-батыста, солтүстікте — жаяу бұрқасын болжанады, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын азақстанның 14 облысында және Астана қаласында бұрқасын, күннің күрт суытуына, тұманға байланысты ескерту жасалғаны мәлім болды.

Сондай-ақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыста жол жабылғаны айтылды.