Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкіметтің отырысында мәлім етті.
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов министрден балаларды оңалту ісін дамыту барысы туралы сұрады.
«Балалардың оңалту емін былтырғымен салыстырғанда 2 есе арттырдық. Бүгінгі таңда 41 оңалту орталығы бар. Соған қоса осы 6 айдың ішінде 8 оңалту орталығы ашылды. Сонымен бірге осы саланы қаржыландыру көлемін өсіріп отырмыз», - деді министр.
Айтуынша, былтырға қарағанда балалар оңалту шараларымен 18 пайыз көп қамтылып отыр.
«Қаржыландыру 27 пайызға өсті. Биыл бірінші рет шала туған, туа біткен кемшілікпен туған балалар үшін ерте араласу орталықтары ашылды. Бұрын мұндай орталықтар болмаған. 6 айдың ішінде сондай 2 орталық ашылды. Бүкіл республика бойынша жылдың аяғына дейін 3 орталық ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Келесі жылы бүкіл аймақтарда 13 орталық ашылады. Бұл жұмыс бақылауда. Қазіргі таңда осы балаларға көмек көрсететтін кереуеттің көлемі 2 есе артып отыр, - деді Ажар Ғиният.