6 қараша күні республиканың басым бөлігінде тұман түседі - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақтанның басым бөлігінде 6 қараша күні жауын-шашын, көктайғақ болып, тұман түседі, жел күшеюі мүмкін. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей аймақтарында тұман түсіп, көк тайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін барады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман түседі, 15-20 м/с екпінмен жел соғады. Алматы облысында тұман, Ақтөбе, Атырау облыстарының бірқатар жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан мен Павлодар облысында тұман түседі. Маңғыстау облысында көктайғақ болады. Шығыс Қазақстанда желдің күші 15-20 м/с-қа дейін барады.