6 қараша. Туған күн иелері

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 6 қараша күні дүниеге келген тұлғалардың күнтізбесін ұсынады.



ЕСІМДЕР

98 жыл бұрын (1920-1987) Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, барлаушылар бөлімшесінің командирі, Кеңес одағының батыры - Нағи ІЛИЯСОВ дүниеге келді.

Ол Қызылорда облысы Тереңөзек ауданының «Қызыл Коммуна» ұжымшарында туған. 1933-1936 жылдары балалар үйінде төрбиеленген. Орта Азия университетінің жұмысшы факультетінде оқыған. 1937 жылы Ташкент педучилищесінің үшінші қурсына түсіп, оны бітіргеннен кейін Жоғарғы Шыршық ауданында, ал 1941 жылдан Қызыл Армия қатарына шақырылғанға дейін (қаңтар, 1942) Тереңөзек ауданындағы Жәдігер орта мектебінде мұғалім болып қызмет атқарған. 1942 жылдың қаңтар айында майданға аттанады. Ол Мәскеуді, Сталинградты қорғауға, Элистаны, Ростовты, Донбасты азат етуге қатысты. Қазақ халқының адал ұлы Мәскеуден Будапештке дейінгі жолды жүріп өтті, Венгрияда, Австрияда, Чехословакияда жауға қарсы соғысты. Ұрыстағы ерлігі мен батырлығы, Дунай өзенінен өту кезіндегі тапқырлығы үшін оған КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Кеңес одағының батыры атағы берілді. Соғыстан кейінгі жылдары туған жерінде жауапты қызметтер атқарды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту орденімен, 3 дәрежелі Даңқ орденімен, медальдарымен марапатталды. Нағи Ілиясов 1987 жылы 6 мамырда қайтыс болды. Бұрыңғы «Қазақ ССР-інің 50 жылдығы» кеңшары (Сырдария ауданы) қазір Нағи Ілиясовтің есімімен аталады.

90 жыл бұрын (1928-1978) Қазақстандағы тас дәуірі археологиясының негізін қалаушы, алғашқы қазақ маман археологтарының бірі Хасен АЛПЫСБАЕВ  дүниеге келді.

Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. 1945-1950 жылдары Ташкенттегі Орталық Азия мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқып жүріп, А.Окладников пен М.Массон басқарған археологиялық экспедицияларға, кейіннен Оңтүстік Түрікмения археологиялық кешенді экспедицияларына, КСРО Ғылым академиясы Қырғыз бөлімшесінің палеолит отрядына, кейін Солтүстік Қазақстан, Іле археологиялық экспедициясына қатысқан. 1957-1960 жылдары Қаратау палеолит отрядын басқарған. Төменгі палеолит дәуірінің адамдары қолымен жасалған тұңғыш құралдар табылған Бөріқазан, Тәңірқазған, т.б. тас дәуірі тұрақтарын ашқан. Ғалым өмірінің соңына дейін Қазақстан Ғылым академиясы Тарих, археология және этнография институтының археология бөлімшесінде қызмет істеген. Оның «Оңтүстік Қазақстанның төменгі палеолит ескерткіштері» атты еңбегі бар.

55 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Оңдасын Сейілұлы ОРАЗАЛИН дүниеге келді.

1985  жылы Ақтөбе педагогикалық институтын, 1991 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 

1985-1986, 1987-1988 жылдары - Ақтөбе педагогикалық институтының оқытушысы. 1988-1990 жылдары - Ақтөбе педагогикалық институтының комсомол комитетінің хатшысы. 1990-1993 жылдары - жарнамалық ақпараттық-коммерциялық агенттіктің бөлім бастығы. 1993-1999 жылдары - «Банк «Рика» ААҚ басқарма төрағасы. 1999-2000 жылдары - «Облтрансгаз» ЖАҚ, «Ақтөбегаз» ЖАҚ басқарма төрағасы. 2000-2003 жылдары - Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының әкімі. 2003-2004 жылдары - Ақтөбе облыстық сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасының бастығы. 2004-2005 жылдары - Ақтөбе облысы ішкі саясат департаментінің директоры. 2005-2006 жылдары - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісінің орынбасары. 2008 жылдың наурыз бен қазан аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және кадрлық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары. 2008-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары. 2014-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі.

Қазіргі қызметін 2017 жылдың наурызынан бастап атқаруда.

«Құрмет» орденімен (2008) және 3 медальмен марапатталған.

55 жыл бұрын (1963) «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Берік Дәулетқанұлы ЖЕЛДІКБАЕВ дүниеге келді.

1986 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын «Автожолдар» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы «Прикаспийскийдорстрой» құрылыс-өңдірістік бірлестіктің №3 құрылысты механизациялау басқармасының шебері ретінде бастады, содан кейін құрылыс жұмыстарындағы тікелей басшысы, учаскенің басшысы, №3 филалының директоры (1993 ж.), «Афдан» АҚ өндіріс жөніндегі вице-президент (1999 ж.) қызметтерін атқарды. 1999 жылы «Қазақавтожол» РМҚК Пайдалану бөлімінің басшысы ретінде тағайындалған.  2001-2004 жылдары Астана қаласындағы «Каспий Мұнай Құрылыс» ЖАҚ өкілдігінің директоры, автожол құрылысы жөніндегі Вице-президент қызметін атқарды. 2004 жылдың сәуір айынан бастап 2006 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Сыртқы займдар және инвестициялық жобалар жөніндегі басқармасы директорының орынбасары. 2006 жылдың сәуір айынан бастап 2011 жылдың наурызына дейін - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Атырау облыстық басқармасынының директоры, Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің директоры, Қызылорда облыстық департаментінің директоры. 2011 жылдың мамыр айынан 2012 жылдың наурыз айына дейін - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің кеңесшісі. 2014 жылдың маусым айында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филалының директоры, қараша айында Жамбыл облыстық филалының директоры. 2015 жылдың сәуір айынан 2016 жылдың шілде айына дейін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облыстық филалының директоры.

2016 жылдың шілде айынан бастап - «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

44 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Мальтадағы, Сан-Маринодағы (2016 жылдан бері) Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Сергей Нұртайұлы НҰРТАЕВ  дүниеге келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің үшінші хатшысы, 2002-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің үшінші хатшысы, 2004 жылдың наурыз айынан Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы болып қызметтер атқарған. 2007 жылдан - Қазақстан Республикасының Грекия Республикасындағы істері бойынша уақытша сенімді өкілі. 2015 жылдың қыркүйегінен қазіргі қызметінде.

44 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Нұржан Өтепбайұлы ЖОЛДАСБЕКОВ дүниеге келді.

Ол қазіргі Түркістан облысында дүниеге келген. 1997 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы бұрынғы Шымкент облысы Киров аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің әлеуметтік жұмысшысы ретінде бастаған. 1992-1993 жылдары Шымкент облысы «Жидек» шаруа қожалығының жұмысшысы, 1997-1999 жылдары СҚО Әділет басқармасының бас маманы, жетекші маманы, 1999-2000 жылдары ҚР Әділет министрлігі Сот үкімдерінің орындалуы комитетінің Ұйымдастыру-талдау жұмыстары бөлімінің бастығы, 2000-2001 жылдары ҚР Әділет министрлігі Сот үкімдерінің орындалуы комитетінің Атқарылу өндірісі мен приставтар жұмысын қамтамасыз ету басқармасының бас маманы болған. 2001 жылы ҚР Жоғарғы сотында бөлім бастығы, 2001-2004 жылдары ҚР Президент Әкімшілігі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас эксперті, консультант, 2004-2012 жылдары Астана қалалық №2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы, төрағасы болып қызмет еткен. 2012-2015 жылдары Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы болған.

Қазіргі қызметінде - 2015 жылдың желтоқсанынан.