ЕСІМДЕР
69 жыл бұрын (1954) Даймлер АГ концернының ресми дилері - «Қазақстанның көгілдір жұлдызы» ЖШС Бас директоры Қайрат Мәсімханұлы БЕЙСЕБАЕВ дүниеге келді.
1977 жылы Қазақ политехникалық институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1977-1981 және 1982-1989 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы Тау-кен ісі институтында аға инженер, кіші, аға ғылыми қызметкері, 1981 жылы Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінің нұсқаушысы, 1989-1990 жылдары «Ротор» ғылыми-техникалық қызмет көрсетудің шаруашылық есебі орталығында бас инженері болып еңбек етті. 1990-1992 жылдары Талғар ШК директоры, 1993 жылы AXEL JOHNSON RESOURCES, Швеция коммерциялық өкілі, 1993-1996 жылдары АІОС корпорациясының басқарушы директоры қызметтерін атқарды.
Қазіргі қызметін 1997 жылдан бері атқарып келеді.
Техникалық ғылымдар кандидаты (1989). 1989-1992 жылдары «Мейірімділік, экология және денсаулық үшін» қоғамының басқарма төрағасы болды. Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент-мүшесі (2002).
ҚР Құрмет грамотасымен марапатталған (2001).
61 жыл бұрын (1962) «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының басшысы Тілеухан Шілдебайұлы ӘБІЛДАЕВ дүниеге келді.
1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты (2001). Медицина ғылымдарының докторы (2006), доцент. ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі (2002).
Еңбек жолы: 1983 жылдан Алматы қалалық №2 клиникалық аурухананың медицина қызметкері. 1985-1986 жылдары Жамбыл қаласында ОМК хирург-интерні, 1986-1996 жылдары Талас ОАБ хирургия бөлімінің меңгерушісі, бас дәрігері, 1996-1999 жылдары Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері, 1999-2005 жылдары Жамбыл облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы болды. 2005-2010 жылдары Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері. 2010 жылдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтерді төлеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің директоры, 2010 жылдан бастап ҚР «Туберкулез мәселелері ұлттық орталығының» директоры, 2010-2016 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Туберкулез проблемалары ұлттық орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметтерін атқарды. 2016 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» РМҚК бас директорының орынбасары, Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы, 2016-2017 жылдары Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы, 2018-2019 жылдары «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалының директоры, 2019-2020 жылдары Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды.
Қазіргі қызметін 2020 жылдан бері атқарып келеді.
«Құрмет» орденімен (2021), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.
60 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері Оңдасын Сейілұлы ОРАЗАЛИН дүниеге келді.
Ақтөбеде туған. 1985 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын, 1991 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы: 1985-1988 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтының оқытушысы, 1988-1990 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтының комсомол комитетінің хатшысы, 1990-1993 жылдары жарнамалық ақпараттық-коммерциялық агенттіктің бөлім бастығы, 1993-1999 жылдары «Банк «Рика» ААҚ басқарма төрағасы болып еңбек етті. 1999-2000 жылдары «Облтрансгаз» ЖАҚ, «Ақтөбегаз» ЖАҚ басқарма төрағасы, 2000-2003 жылдары Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының әкімі, 2003-2004 жылдары Ақтөбе облыстық сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасының бастығы, 2004-2005 жылдары Ақтөбе облысы ішкі саясат департаментінің директоры қызметтерін атқарды. 2005-2006 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, 2006-2007 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2007-2008 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 2008 жылдың наурызы мен қазаны аралығында ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және кадрлық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2008-2014 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2014-2017 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі, 2017-2019 жылдары ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары, 2019-2022 жылдары Ақтөбе облысының әкімі болды.
«Құрмет» орденімен (2008) және медальдармен марапатталған.
56 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының орынбасары Төлеужан Сабырұлы ЖҮНІСОВ дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған. М. Фрунзе атындағы Омбы жоғары жалпыәскери командалық училищесін (1990), ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын (2000) бітірді.
Еңбек жолы: КСРО Қарулы күштері мотоатқыштар взводының командирі, Қазақстан Республикасы ІІМ және МТК органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкері, 4, 5 департамент, инспекция, Алматы қаласы бойынша ҰҚКД, ҰҚК және ҰҚК Шекара қызметінің кадрлар департаменті жедел және басқарушы құрамының қызметкері болған.
Қазіргі қызметін 2020 жылдың сәуір айынан бері атқарып келеді.
«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.
49 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Сергей Нұртайұлы НҰРТАЕВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің үшінші хатшысы, 2002-2004 жылдары ҚР Ұлыбританиядағы Елшілігінің үшінші хатшысы, 2004 жылдың наурыз айынан ҚР Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы болып қызмет атқарған. 2007-2009 жылдары ҚР Грекия Республикасындағы істері бойынша уақытша сенімді өкілі, 2009-2015 жылдары ҚР Грекия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2015-2021 жылдары ҚР Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды. 2017-2021 жылдары ҚР Мальтадағы, Сан-Маринодағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып еңбек етті.
Қазіргі қызметін 2021 жылдан бері атқарып келеді.
«Астананың 10 жылдығы» (2008) медалімен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен (2010) марапатталған.