6 қазан күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 6 қазан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Фото: Pexels

9.00-де «Астана» халықаралық қаржы орталығында VII қазақстандық халықаралық адвокаттар форумы өтеді.

9.00-де Оқушылар сарайында білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша VII Орталық Азия халықаралық форумы өтеді.

9.30-да Hilton Garden Inn Astana қонақ үйінде салық әкімшілігінің тиімділігін арттыру және адам ресурстарын дамыту үшін технологиялық (цифрлық) шешімдерді, үлкен көлемдегі деректерді талдау әдістерін қолдануға арналған ТМД салық қызметі басшыларының үйлестіру кеңесінің 30-отырысы өтеді.

10.15-те Қазақстанның Әуе қорғанысы күштерінің 25 жылдығы құрметіне Ұлттық әскери-патриоттық орталықта салтанатты шара өтеді.

11.00-де Сенатта «Орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде сапалы денсаулық сақтау мен білім беруді қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша ҚР Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мониторингі жөніндегі парламенттік комиссияның отырысы өтеді.

11.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде «2023 жылғы күзгі әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру туралы» онлайн брифинг өтеді.

Спикерлер: Айдын Сағынбеков – Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің бастығы, Ғани Артықов – Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің өкілі. 

Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Fасеbook парақшасында тікелей эфирде өтеді.

11.00-де пилоттық режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдеріне кандидаттар ұсыну қорытындылары туралы (аумақтық сайлау комиссияларының мәліметтері негізінде) ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтеді.

12.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде «№8 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің» қызметі туралы» онлайн брифинг өтеді.

Спикер: Астана қаласы әкімдігінің №8 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің басшысы Дінмұхамед Құрамаев.

Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Fасеbook парақшасында тікелей эфирде өтеді.

12.00-де ҚР Қаржы министрлігінде Мемлекеттік сатып алу саласындағы камералдық бақылау жөнінде брифинг өтеді.

14.00-де «Думан» қонақ үйінде «Ауыл» ХДПП Ауыл жастарының V республикалық форумы өтеді.

15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Dauletten» қайырымдылық қоры» жеке қорының бастамасымен және ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен «Қазақстан студенттер Альянсының» бірлесе ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Оқитын ұлт» жобасы аясындағы «Оқуға құштар жас» республикалық кітап байқауы қорытындыланады.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау туралы»баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикер: ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызы.

Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook

19.00-де ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығында қазақ оркестрі XXVIIІ концерттік маусымын «Астана – өнер ордасы» бағдарламасымен ашады.

19.00-де Е. Рахмадиев атындағы филармонияда FORTE TRIO «Великие композиторы Европы» циклінен «Музыкальные путешествия. Чехия» атты концерт ұсынады.

19.00-де Жастар театрында «Көзімнің қарасы» музыкалық драмасы қойылады.

19.00-де Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Жас Абай» драмасы сахналанады.