61 жыл бұрын (1962) ҚР мемлекет қайраткері Серік Сіләмжанұлы СЫДЫҚОВ дүниеге келді.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.
Қазақ КСР Еңбек мемлекеттік комитетінде еңбек ресурстары бөлімінің аға экономисі және іс басқару аға инспекторы, ҚР Еңбек министрлігінің жұмыспен қамту бас басқармасында еңбекті құқықтық реттеу бөлімінің бас заң кеңесшісі, Жұмыспен қамту мемлекеттік қызмет инспекциясының бастығы, Жұмыспен қамту бас басқармасы бастығының орынбасары; «Тұран-Агро» ЖШҚ заң бөлімінің меңгерушісі, ҚР Президентінің Жоғарғы кеңестегі өкілінің аға сарапшысы, ҚР Парламенті Сенаты аппаратында консультант, құқықтық сараптама бөлімінің сектор меңгерушісі, сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Әкімшілік бөлім меңгерушісі, аппарат басшысының бірінші орынбасары, ҚР Парламенті Сенаты аппаратының басшысы болып қызмет атқарды. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі (2020-2022).
«Құрмет» орденімен, ТМД ПАА Құрмет грамотасымен, «ТМД ПАА. 20 жыл» күміс медалімен, медальдармен марапатталған.
59 жыл бұрын (1964) Алматы қалалық сотының төрағасы Асқар Спартакұлы СМАЙЛОВ дүниеге келді.
Жамбыл облысы Қаратау қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген (1989).
Еңбек жолы: Жамбыл облыстық мемлекеттік төрелігінің арбитрі (1989-1994); Жамбыл облыстық төрелік сотының судьясы (1994-1995); Жамбыл облыстық сотының судьясы (1995-2009); Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы (2009); Жамбыл облыстық сотының кассациялық сот алқасының төрағасы (2010-2015). ҚР Жоғарғы сотының судьясы (2015-2020).
Қазіргі қызметін 2020 жылдың сәуір айынан бері атқарып келеді.
54 жыл бұрын (1969) белгілі қазақстандық кәсіпкер, меценат, «Алтын Қыран» компаниялар тобының құрылтайшысы әрі бас директоры, «Altyn Kyran» Халықаралық қайырымдылық қорының президенті Исламбек Тілеубайұлы СӘЛЖАНОВ дүниеге келді.
Ол Ақтөбе облысында туған. Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын, хирург (1993); Қазақ мемлекеттік басқару академиясының жанындағы Нарық институтын, экономист (1997); Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Халық шаруашылығы академиясын – Мәскеу қаласындағы Бизнес және іскерлік басқару институтын, маркетинг және сатылымдарды басқару (2005); Дьюк университетінің жанындағы Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебінің ықпалдастығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жанындағы Мемлекеттік саясат ұлттық мектебін (2012) бітірген.
Еңбек жолы: Ақтөбе қаласындағы «Мақсат Капитал» ШЖК құрылтайшысы әрі директоры (1993-1998); «AKZHOL» қазақ-неміс біріккен кәсіпорнының тең құрылтайшысы және директоры (1998-2000); «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны «Қазақойл-Продактс» ЖШС Ақтөбе филиалының директоры (2000-2001); «AKZHOL» компаниялар тобының құрылтайшысы және бас директоры (2001-2004).
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен; «Білім беру меценаты-2012» Алтын медалі және дипломымен марапатталған.
52 жыл бұрын (1971) «ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Марат Көшкінбайұлы ОРМАНОВ дүниеге келді.
Севастополь жоғары әскери-инженерлік техникумын бітірген, инженер-механик; Қайнар университетінің халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолы: ҚР Әскери-теңіз күштеріндегі қызмет (1993-1996); жетекші маманнан бастап «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да жетекші инженерге дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді (1996-2001); 2001-2005 жылдары «Қазмортрансфлот» ҰТК Ақтау филиалының директоры, бас директордың коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары, бас директордың стратегиялық даму жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2005-2020 жылдары «Қазмортрансфлот» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының бас директоры болған. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Тасымалдау және логистика департаментінің директоры, «Қазмортрансфлот» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы Бақылаушы кеңесінің төрағасы (2020 жылдан бастап).
2022-2023 жылдары «ҚазТрансОйл» директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
«Құрмет» орденімен (2016), ҚР мерейтойлық медальдармен, ведомстволық наградалармен марапатталған.
42 жыл бұрын (1981) Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Ринатұлы ЖИЕНБАЕВ дүниеге келді.
Алматы қаласында дүниеге келген. Алматыда Абай атындағы мемлекеттік университетін бітірген, халықаралық заңгер (2004); «Shiller» халықаралық университеті (Франция); Мәскеу «Сколково» басқару мектебінде білім алды.
Еңбек жолы: 1999-2001 жылдары «ҚАЗАҚГАЗ» республикалық компаниясы» АҚ менеджері қызметін атқарды. 2001-2004 жылдары Мемлекеттік сатып алулар агенттігінде жұмыс істеді. 2004-2005 жылдары – «Азық-түлік корпорациясы» АҚ сыртқы экономикалық қызмет басқармасының бастығы. 2005-2016 жылдары жеке компаниялардағы басшы лауазымдар атқарды. 2016-2018 жылдары «Kazakh invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2019-2020 жылдары «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.
Қазіргі қызметін 2020 жылдан бастап атқарып келеді.