Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов айтып берді.
«Биыл 6 қазанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің хатшылығын өткізу жоспарланған. Бұл шараны қазіргі жағдайды ескере отырып, аралас форматта өткізуді жоспарлап отырмыз, яғни кейбір қатысушылар онлайн-форматта қосылады», - деді Е. Нүкежанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, талқылаудың басты тақырыптарының бірі – постковидтік кезеңде съездің бейбітшілікті дамытудағы рөлі болмақ.