6 қазан күні фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ел аумағының қалған бөлігіне антициклон жотасы әсер етіп, жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Барлық өңірде тұман күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста екпінді жел тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Ақмола облысының орталығы мен шығысында түнде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.
Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аумағында, орталығында, шығысы мен оңтүстігінде аса жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл, Маңғыстау облыстарында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында өрт шығу қаупі жоғары.
Гүлмира Алякпарова
«Қайнар» университетін – «қазақ тілі және әдебиет», Д.Қонаев атындағы Көлік және құқық гуманитарлық университетін «экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
«ҚазАқпарат» ХАА-да 2004 жылдан бері қызмет атқарып келеді.