Решат ЕСКЕНДІРОВ, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігін қадағалау департаментінің бастығы
1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Тбилиси жоғары артиллериялық командалық училищесін, Михайлов артиллериялық академиясын үздік бітірген. Ұлттық қорғаныс университетінің Бас штаб академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолы: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2022 жылы ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Ұшқышсыз авиация жүйелерін дамыту және қолдану департаментінің бастығы болды.
Қазіргі қызметіне 2022 жылғы тамызда тағайындалған.
Марғұлан БАЙМҰХАН, Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі
1974 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Дипломатиялық академияны, Варшавадағы Польша халықаралық қатынастар институтын (2010), Польшадағы Краков экономикалық университетін (2011), Канададағы Ванкувер университетін (2015), Ұлыбританиядағы Хартфордшир университетін (2016) бітірген.
Еңбек жолы: 1996-1997 жылдары «Daewoo Electronics» компаниясында маркетинг және коммерциялық мәселелер жөніндегі менеджер;1997-1999 жылдары «River System Ltd.» компаниясының экспорт департаментінде маман, кеңесші, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия бойынша өңірлік директор; 1999-2001 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінде атташе, үшінші хатшы; 2001-2005 жылдары Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшілігінде атташе-консул, үшінші хатшы, екінші хатшы; 2005-2007 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінде кеңесші, Халықаралық ұйымдар департаментінің басшысы, ТМД істері департаментінің Әскери-саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы; 2007-2013 жылдары Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшілігінде кеңесші, кеңесші-уәкіл; 2013-2015 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы саяси талдау және болжау комитеті төрағасының орынбасары; 2015 жылы Toastmasters International клубының спикері; 2015-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшісі; 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары; 2021-2025 жылдары Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Елшісі, Люксембургтегі Елшісі қызметін қоса атқарған, Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақ пен Солтүстік Атлантикалық шарт ұйымы (НАТО) жанындағы өкілдігін басқарған.
Қазіргі қызметіне 2025 жылғы тамызда тағайындалған.
Жәнібек ӘБДРАШОВ, ерекше тапсырмалар жөніндегі елші – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің жетекшісі
1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін заңгер мамандығы бойынша 1998 жылы бітірген.
Еңбек жолы: 1998-2004 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету департаментінде заң кеңесшісі, сектор меңгерушісі; 2004-2006 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің Мемлекеттік протокол қызметінде бөлім басшысы; 2006-2010 жылдары Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Нью-Йорктегі Тұрақты өкілдігінде екінші, бірінші хатшы; 2010-2014 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі бастығының орынбасары; 2014 жылғы 2017 жылғы қарашаға дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметінің бастығы; 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Нью-Йорктегі Бас консулы; 2019-2024 жылдары Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшісі; 2020-2024 жылдары Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарған.
Қазіргі қызметіне 2024 жылғы шілдеде тағайындалған.
Ерсін ӨТЕБАЕВ, Астана қаласы әкімінің орынбасары
1978 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын 1995-2000 жылдары, Бағалау және құрылыс академиясын 2006-2008 жылдары, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін 2009-2011 жылдары бітірген.
Еңбек жолы: 2002-2008 жылдары жеке секторда түрлі қызметтер атқарған; 2008-2012 жылдары бюджеттік ұйымдарда түрлі лауазымдарда қызмет еткен; 2012-2016 жылдары мемлекеттік қызметте болып, Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары, кейін басқарма басшысы қызметтерін атқарған; 2016-2023 жылдары Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болған.
Қазіргі қызметіне 2023 жылғы қыркүйекте тағайындалған.
Азат ІЗБАСАРОВ, Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы
1978 жылы Алматы облысының Текелі қаласында (қазіргі Жетісу облысы) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша 1999 жылы бітірген.
Еңбек жолы: 1999-2001 жылдары Алматы облысы ІІБ тергеушісі; 2001-2004 жылдары Талдықорған қаласы ІІБ тергеушісі; 2004-2007 жылдары Алматы облысы қалалық ІІБ тергеушісі; 2007-2008 жылдары Алматы қаласы Алмалы аудандық ІІБ тергеу бөлімінің бастығының орынбасары; 2008-2009 жылдары аталған бөлімнің бастығы; 2009-2014 жылдары Алматы облысы Қарасай аудандық сотының судьясы; 2014-2018 жылдары Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының төрағасы; 2018 жылғы 31 мамырдан 2021 жылға дейін Маңғыстау облыстық сотының судьясы; 2021-2025 жылдары Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.
Қазіргі қызметіне 2025 жылғы наурызда тағайындалған.
Нұрсұлтан РАҚЫШЕВ, Абай облысының прокуроры
1984 жылы дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2004 жылы Астана қаласы прокуратурасы басқармасының прокуроры; ҚР Бас прокуратурасы департаментінің бөлім прокуроры; Алматы қаласы басқармасының аға прокуроры, Алматы қаласы прокурорының көмекшісі; Бостандық ауданы прокурорының орынбасары; Жамбыл облысындағы түзеу мекемелеріндегі заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокурор; Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры; Алматы қаласы Наурызбай ауданының прокуроры; 2017 жылғы шілде – 2019 жылғы сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Ресей Федерациясындағы өкілі; 2019-2022 жылдары Алматы қаласы прокурорының орынбасары; 2022 жылы Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары.
Қазіргі қызметіне 2026 жылғы ақпанда тағайындалған.