ЕСІМДЕР
56 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы ұшуларының қауіпсіздігін қадағалау департаментінің бастығы Решат Майданқанұлы ЕСКЕНДІРОВ дүниеге келді.
Шығыс-Қазақстан облысында дүниеге келген. Тбилиси қаласындағы жоғары артиллерия командалық училищесін бітірген. Михайлов атындағы артиллериялық академиясын үздік бітірген. Ұлттық қорғаныс университетінің «Генералды штабтық академиясын» бітірген.
Еңбек жолы: ҚР ҚК әр-түрлі лауазымдарында қызмет атқарған.
2022 жылы ҚР ҚК Бас штабының Ұшқышсыз авиациялық жүйелерін дамыту және қолдану Департаментінің бастығы қызметін атқарды.
50 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропалық Одақ жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы өкілдігінің басшысы Марғұлан Бақытұлы БАЙМҰҚАН дүниеге келді.
Алматы облысында туған. 2010 жылы Поляк халықаралық қатынастар Институты Дипломатиялық Академиясын (Варшава), 2011 жылы Польшадағы Краков экономикалық университетін, 2011 жылы Канаданың Ванкувер университетін, 2016 жылы Ұлыбританияның Хертфордшир Университетін бітірген.
Еңбек жолы: 1996-1997 жылдары «Daewoo Electronics» компаниясындағы маркетинг және коммерция мәселелері жөніндегі менеджері, 1997-1999 жылдары Польшада «River System Ltd.» компаниясының экспорт бөлімінің маманы, кеңесшісі, аймақтық (Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдері) директоры, 1999-2001 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші хатшысы, 2001-2005 жылдары Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің атташе-консулы, үшінші және екінші хатшысы, 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ТМД істері департаментінің Халықаралық ұйымдар бөлімінің, Әскери-саяси ынтымақтастық бөлімінің кеңесшісі, басшысы қызметін атқарған. 2007-2013 жылдары Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің Кеңесшісі, Кеңесші-уәкілі, 2013-2015 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саяси талдау және болжау комитеті төрағасының орынбасары, 2015-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2019-2021 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымын атқарды.
Қазіргі қызметін 2021 жылғы сәуірден бастап атқарып келеді.
47 жыл бұрын (1977) Ерекше тапсырмалар бойынша Елші - ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қадасындағы Өкілдігінің Басшысы Жәнібек Жарасқанұлы ӘБДІРАШОВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1998-2004 жылдары ҚР СІМ Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету департаментінің заңгер кеңесшісі және сектор меңгерушісі, 2004-2006 жылдары Алматы қаласындағы ҚР СІМ өкілдігі Мемлекеттік хаттама қызметі бөлімінің бастығы, 2006-2010 жылдары Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты Өкілдігінің екінші, бірінші хатшысы қызметінде болды. 2010-2014 жылдары ҚР СІМ Мемлекеттік хаттама қызметі басшысының орынбасары, 2014-2017 жылдары ҚР СІМ Мемлекеттік хаттама қызметі басшысы, 2017-2019 жылдары Нью-Йорк қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы, 2019-2024 жылдары Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2020-2024 жылдары ҚР Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметінде болды.
Қазіргі лауазымын 2024 жылдың шілде айынан бастап атқарып келеді.
46 жыл бұрын (1978) Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Кенжебайұлы ӨТЕБАЕВ дүниеге келді.
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында туған. Қазақ мемлекеттік көлік және коммуникациялар академиясында (1995-2000), Бағалау және құрылыс академиясында (2006-2008); Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде (2009-2011) білім алған.
Еңбек жолы: 2002-2008 жылдары жеке секторда әртүрлі лауазымдарда, 2008-2012 жылдары бюджеттік ұйымдарда әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Әр жылдары бірқатар басқармаларда әртүрлі позицияларда жұмыс істеді. Соңғы жылдары «Астана қаласының коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ, «Астана қаласының активтер және Мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ басшысының орынбасары, басшысы лауазымдарын атқарды.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.