«Бұл мереке 1894 жылы 23 маусымда Пьер де Кубертен және оның серіктестері Олимпиада ойындарын жаңғыртып, Халықаралық Олимпиада комитетін (ХОК) құруына орайластырылды», делінген хабарламада.
Бүгінде әлемде 200-ден астам Ұлттық Олимпиада комитеттері Олимпиада күнін атап өтеді. Шараның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, достық, сыйластық пен спорттық шеберлік тәрізді олимпиадалық құндылықтарды көрсету. «Дәстүр бойынша бұл күні Астанада жүгіруден жарыстар өтеді. Мектеп оқушылары арасында 800 метрге жеке жүгіру, сондай-ақ екінші 800 метрге жеке жүгіру колледждер мен орта кәсіби білім беру мекемелері оқушыларының арасында өтеді. Үшінші жеке жүгірісте 1200 метр қашықтықты бағындыру қажет. Оған ЖОО студенттері, министрліктер мен ведомство қызметкерлері, әскери және күш құрылымдары, Қазақстан Республикасының Парламенті және Мәжіліс депутаттары, елшілік қызметкерлері, Олимпиада чемпиондары, БАҚ қызметкерлері, сондай-ақ ниет танытқан кез-келген адам қатыса алады», делінген хабарламада.
Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында 100 метрге дейін арба жарысы өтеді. 5-10 жастағы балалар «Олимпиада жарыстары» атты асфальттағы суреттер байқауына қатыса алады. Олимпиада күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Ұлттық Олимпиада комитетінің, жарыс демеушілерінің сыйлықтары мен Олимпиада символикасы бейнеленген майкалар табысталады. Қашықтықты сәтті аяқтағандар ХОК президенті Томас Бахтың қолтаңбасы бар сертификаттарға ие болады. Олимпиада күнінің салтанатты ашылуы 6 қыркүйекте сағат 10.00-де елордалық мәдениет және демалыс саябағында болады.