НҰР-СҰЛТАН
10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары жобасы және 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымына дайындық мәселелері қаралады.
12.20-да «Астана» халықаралық қаржы орталығында (С3.3) «Жаһандық бизнестің жаңа ережелеріне бейімделу – өнеркәсіп, энергетика және логистикадағы жалпы мүмкіндіктер» тақырыбында Қазақстан – Германия бизнес-форумы өтеді.
14.00-де ЭКСПО аумағында Tartyl Fest турнирінің гранд-финалы өтеді.
16.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.
16.00-де Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Әзілхановтың жетекшілігімен ҚХА қоғамдық құрылымдары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылайды.