6 мамыр күні республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 мамыр күні Қазақстанның көп аймақтарында атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай байқалады, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Тек республиканың оңтүстік және шығыс аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел соғады, күші 15-20 м/с.

Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.