6 мамыр. Туған күн иелері
Жамбыл облысының Сарысу ауданында туған. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 78 жасында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлкеттік университетіне түсіп, суретші мамандығын меңгеріп шыққан.
1959-1963 жылдары - «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің әдебиет және өнер бөлімнің меңгерушісі. 1963-1984 жылдары - Қазақстан теледидар және радиохабарлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы, аға редакторы, Қазақ радиосы музыка редакциясының бас редакторы. 1984 жылдан бастап бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысады. Алғаш рет оқырмандарына «Қайта оралған ән», «Хош бол, вальс» кітаптары арқылы танылған. Қазақтың ұлы күйші, қобызшысы Ықылас туралы романы «Кертологоо» деген атпен алғаш рет қырғыз тілінде, кейін «Ықылас» деген атпен қазақ тілінде жарық көрді. Оның қазақ өнері қайраткерлерінің өмірін зерттеу негізінде «Екі жирен», «Бірінші концерт», «Махаббат вальсі», «Аққулар қонған айдын көл» атты деректі жинақтары, сондай-ақ «Қарабура» тарихи-танымдық шығармалары, «Әселім әнім», «Даниярдың әні», «Еділ мен Жайық», т.б. халық арасына кеңінен танылған әндері бар. Қырғыз жазушысы Т.Қасымбековтың «Сынған қылыш» дилогиясын қазақ тіліне аударған. «Біржан сал», «Ақан сері», «Үкілі Ыбырай», «Естай әнші», «Жаяу Мұса», «Мәди», «Майра», «Балуан Шолақ» т.б. сал-серілер ғұмырнамалары, М.Төлебаев, Л.Хамиди, Б.Байқадамов, Қ.Мусиндердің шығармашылық портреттерін сомдаған туындылары мен «Шоқан және музыка», «Жамбыл және музыка», «Сәкен және музыка» атты деректі фильмдері бар.
Семей зооветеринарлық институтын және Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітірген. Қазақ спорт және туризм академиясының құрметті профессоры.
1971 жылы Қазақ КСР чемпионатын жеңіп алады, 1973 жылы КСРО біріншілігінің қола жүлдегері атанып, құрамаға алынды. 1980 жылы 48 кг салмақ дәрежесінде Олимпиада чемпионы болды. 1984 жылдан «Қайрат» ЕСҚ республикалық күрес мектебінің директоры. 1991 жылдан Қытайда құрама команда жаттықтырушысы. 1993 жылдан қоғамдық жұмыспен, бизнеспен айналысады. Еркін күрестен КСРО чемпионы; Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері; Мәскеудегі Олимпиадалық ойындардың чемпионы; әлем чемпионы (Осло, 1981); Әлем кубогының иегері (1982). Грек-рим күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. КСРО және ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.
Шымкент қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Орталық Азия университетін бітірген. 1994-1997 жылдары - «Хабар» агенттігі ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі, «Жеті күн» ақпараттық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі. 1998-2003 жылдары - Қазақстан Республикасындағы «Мир» халықаралық телерадиокомпаниясының директоры. 2003-2009 жылдары «Литер-Медиа» ЖШС бас директоры, «Литер» және «Айқын» газеттері редакциялық кеңестерінің төрағасы. 2009-2019 жылдары – ҚР Президенті Телерадиокешенінің бас директоры. «Бас редакторлар клубының» президенті. «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы (2019-2022).
«Құрмет» орденімен марапатталған. «Жылдың үздік журналисі» номинациясында «Алтын жұлдыз» сыйлығының лауреаты (1996). Ресей журналистер одағының (1997) және Қазақстан журналистер одағы (2000) сыйлықтарының лауреаты. БАҚ саласындағы ҚР Президенті сыйлығының лауреаты (2008).
1998 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша үздік бітірген. 1997-1999 жылдары Оснабрюк қ. (Германия) Жоғары мектебінде «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша білім алды. 2009 жылы Алматы қаласындағы «Қайнар» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. Европаның қаржы институттарында білімін жетілдіріп, тәжірибеден өтті.
1999-2003 жылдары еңбек жолын ҚР Ұлттық Банкінің Ішкі аудит департаментінде жетекші және бас маман лауазымынан бастап, монетарлық операциялар аудиті, қаржылық қадағалау, халықаралық несиелендіру, бухгалтерлік есеп салаларында маманданды. 2003-2014 жылдары «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ банк өнімдерін дамыту құрылымын басқарды (2003-2007 жылдары); Басқарма мүшесі: Басқарушы директор, Басқарма Төрайымының орынбасары (2007-2014 жылдары) лауазымын атқарды. 2014- 2017 жылдары «Қазақстан даму банкінде» Басқарушы директор қызметін атқарып, бухгалтерлік есеп, операциялық департамент, қаржы департаменттерінің жұмысын үйлестірумен айналысты.
Қазіргі қызметін 2017 жылдың ақпан айынан бері атқарып келеді.
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының «Үздік қаржыгер» қоғамдық медалімен (2013 жыл), «Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы» медалімен (2016 жыл) марапатталған.