Келеңсіз жағдай өткен түнде Дорожная көшесіндегі көлік тұрағында орын алған. ТЖМ-нің ақпаратынша, өрт сөндіруші командалар оқиға орнына түнгі 00:30-да келіп жетті. 50 шаршы метр аумақта алты көлік - бір жүк және бес жеңіл машина отқа оранған.
Полицияның алдын ала болжамы бойынша, көліктер қасақана өртелген.