Дүниежүзілік банк жарилаған «Әйелдер, бизнес және заң» атты баяндамада 187 мемлекеттегі гендерлік жағдайға талдау жасалған. Басылымның хабарлауынша, он жыл бұрын әлемде ешбір мемлекет әйелдер мен ерлердің заңдық құқығын теңестірмеген.
«Баяндамада зерттеу сегіз көрсеткіш бойынша жасалған. Оның ішінде әйелдердің еңбек етуіне әсер ететін экономикалық шешімдер, қозғалыс еркіндігі, зейнетақы алуы, кәсіпкерлік немесе жұмысқа орналасудағы құқықтар қарастырылған», деп жазады автор.
Автордың айтуынша, гендерлік теңдік жаһан халқының жартысы әйелдерді құрайтын әлемде экономикалық өсімнің маңызды бөлігі саналады.