6 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылуы мүмкін
«Агенттік 2021 жылы микроқаржы ұйымдарына тексеру жүргізу үшін тәуекелге бағдарланған қадағалау алгоритмін енгізді. Проблемалық берешектің өсу қарқынының жоғарылауы және азаматтардың шағымдарының көбеюі сияқты факторлардың негізінде осы жылдың шілдесінде жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін 10 микроқаржы анықталды. Аталған компаниялардың үлесіне 50 АЕК-ке дейінгі онлайн микрокредиттер бойынша берешектің шамамен 80 пайызы тиесілі», - деді ол.
Оның атап өтуінше, тексеру борыштық жүктеме коэффициентін есептеудің шекті мәні мен тәртібін, сыйақы мөлшерлемесінің шекті мәні және микрокредит бойынша артық төлем мөлшері, микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті реттеу тәртібін сақтау жөніндегі ұйым талаптарының сақталуын қамтиды.
«Қазіргі уақытта тексерулер 6 микроқаржы ұйымда жүргізілуде. Оның екеуі бойынша лицензияны қайтарып алуға алдын ала негіз бар. Тексеру нәтижелері бойынша осы жылдың 5 тамызында «Квику» МҚҰ» ЖШС-нің микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы қайтарып алынды», - деді Нұрлан Әбдірахманов.