6 наурыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 6 наурыз күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

11.00-де «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасына арналған брифинг өтеді.

11.00-де «Нұр-сәулет» бизнес орталығында Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Халықаралық әйелдер күніне орай «Әлем әйелдермен әсем» атты мерекелік шара өткізіледі.

11.00-де ҚР Ішкі істер министрлігі онлайн-көрсетілім форматында «Жедел іздестіру қызметінің нәтижелері» атты брифинг өткізеді. Спикер: ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қуаныш Ибрашев.

16.00-де Төтенше жағдайлар министрлігінде Түркиядағы жер сілкінісі салдарын жоюға қатысқан құтқарушыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

17.00-де Қазақстанның жетекші онкологтары әйелдердің денсаулығы жөнінде онлайн баспасөз конференциясын өткізеді. Zoom: https://us05web.zoom.us/j/89677699016?pwd=QVY1MCtUZkszMUpBK3Mvdy9tRUVYdz09. Идентификатор: 896 7769 9016. Код: CZP8ta.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Гауһартас» музыкалық драмасы қойылады.

19.00-де Астана қаласы филармониясының концерт залында танымал әнші Қуандық Рахым концерт өткізеді.