6 облыста республикалық 15 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

6 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. 

Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Олар:
Ақмола облысында – 5 учаске,
Жамбыл облысында – 1 учаске,
Жетісу облысында – 1 учаске,
Қарағанды облысында – 6 учаске,
Павлодар облысында – 1 учаске,
Ұлытау облысында – 1 учаске.

Қар аралас жаңбыр, көктайғаққа байланысты көліктің барлық түріне  шектеу енгізілді.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 252 бірлік техника және 429 жол қызметкері жұмыс істеп жатыр.