«Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жағдайы тұрақты жекелеген аймақтарда, атап айтқанда, 8 қаңтардан бастап Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс-Қазақстан облыстары мен Шымкент, Ақтау және Түркістан қалаларында екінші деңгейлі банктермен банкоматтарды қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың жалғасып жатқанын хабарлайды», делінген мәліметте.
Айта кетейік, бұған дейін Kaspi банк пен Halyk Bank-тің мобильді қосымшалары интернетсіз жұмыс істеп тұрғанын хабарлаған болатынбыз.