6 өңірдегі Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне жаңа басшылар тағайындалды
Атап айтқанда, Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы болып әділет подполковнигі Шәмшиев Алмас Абжанұлы;
Алматы облыстық департаментіне әділет подполковнигі Әбдікәрімов Серік Жақсылықұлы;
Алматы қаласының департаментіне әділет подполковнигі Қанатбеков Дархан Тұрсынұлы;
Батыс Қазақстан облыстық департаментіне әділет подполковнигі Ізтілеуов Азамат Әбдіғалиұлы;
Қарағанды облыстық департаментіне әділет подполковнигі Такешов Ғазиз Әбікенұлы;
Солтүстік Қазақстан облыстық департаментіне Ахметжанов Рустан Серікұлы тағайындалды.
«Тағайындалған басшылар бұған дейін облыстардың Қылмыстық атқару-жүйелерінде басшылық қызметтер атқарған және пенитенциарлық жүйеде көпжылдық тәжірибеге ие екендігін айта кету керек», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 13 ақпан күні ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы ауысты. Ведомствоның жаңа басшысы - Жанат Болатұлы Ешмағамбетов.