Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік шығысында шаңды дауыл тұрады. Өңірдің батысында, солтүстігінде, оңтүстік шығысында желдің күші 15-20 м/с артады.
Қостанай облысының оңтүстік шығысында тұман болады. Күндіз өңірдің солтүстігінде жел 15-20 м/с артады.
Ақмола облыстың солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең өңірдің оңтүстігінде тұман болжанады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең өңірдің оңтүстігінде тұман күтіледі.
Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде және шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында желдің күші 15-20 м/с артады.
Күндіз Қызылорда облысының шығысында найзағай ойнап, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Ақтөбе облысының батысында, орталығында тұман болады. Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді.