6 сәуір күні ОСК-да ҚР Президентін тіркеу мәселесі жөнінде отырыс өтеді

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат /Асқар Бимендин/ - Сәрсенбі, 6 сәуір күні Астана уақытымен сағат 10.00-де Орталық сайлау комиссиясында 3 сәуір күні сайланған ҚР Президентін тіркеу мәселесі жөнінде отырыс өтеді деп жоспарланып отыр.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Отырыс қорытындысы бойынша жаңа сайланған Мемлекет басшысын тіркеу және оған ҚР Президентінің жаңа куәлігін тапсыру туралы қаулы қабылданады.

Сонымен қатар, осы іс-шара барысында ел Президентін ұлықтау салтанатын өткізу мәселесі де қозғалуы мүмкін.