Туындыны қытай тіліне деректі және ғылыми-көпшілік фильмдерді шығаратын елдегі ірі «Zhongyang xinying jituan» компаниясы аударған. Фубляждың режиссері - ҚХР-дағы дыбыс режиссерлерінің ең үздік бестігіне кіретін Цюй Вэйцзюнь (Qu Weijun).
Отандық журналистермен болған сұхбатта ол фильм жайлы өз пікірімен бөлісті.
«Мен Сіздердің елдеріңіздің көшбасшысына аса үлкен құрметпен қараймын. Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың бір ұшақта ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен бірге таңертеңгі ас ішіп отырғанын көргенда үлкен әсерде қалдым. Сонда Қазақстан мен Қытайдың арасындағы ұлы достықты жан жүрегіммен сезіндім»,- деді ол.
Оның айтуынша, фильмді бірнеше рет көрген, дауыс мәнері ұқсайтын актерлерді іздеген.
Еске сала кетсек, «Балалық шағымның аспаны» фильмінің желісі Н. Назарбаевтың «Әділеттің ақ жолы», «Ғасырлар тоғысында», «Еуразия жүрегінде» кітаптарының негізінде жасалған. Бұл туындының тұсаукесері 2011 жылдың сәуір айында өтті.
Фильмнің режиссері - Рүстем Әбдірашев. Туындының сценарий авторы - Шахимарден Құсайынов пен Рүстем Әбдірашев. Фильмге Бибігүл Төлегенова, Ержан Жарылқасынұлы, Нұржұман Ықтымбаев, Алмагүл Әлішева, Наталия Орынбасарова сынды танымал әртістер түскен. Басты кейіпкер Елбасының балалық шағын - жас актер Елжас Әлпиев ойнаса, мектептегі шағын - Әбілмансұр Серіков, жігіт болған кезін Нұрлан Әлімжанов сомдайды.
Мұнда Елбасының нақты өмірі көркем шындықпен сипатталады. Басты кейіпкер Сұлтан ұшқыш болуды армандайды. Мектеп бітірген жылы Киев азаматтық авиация институтына оқуға да түседі. Алайда, тағдыр жолы оны басқа қиырларға бастайды....
«Түсірілім Елбасының туып-өскен жері Үшқоңыр жайлауында,Шамалған ауылында және Қаскелең қаласында өтті.