6 шілде. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 6 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: Kazinform/Midjourney

61 жыл бұрын (1963) Ұлытау облысының прокуроры Жарқынбек Кендірбекұлы БАҚАШБАЕВ дүниеге келді.

Өзбекстанның Ташкент облысында туған.

1985 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетiн құқықтану мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы: 2017-2019 жылдары Шымкент, Түркістан қалаларының прокуроры, ҚР бас прокурорының көмекшісі, Қызылорда облысы прокурорының орынбасары, Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары, 2019-2022 жылдары ҚР Бас прокуратурасы Күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің бастығы қызметін атқарды.

2022 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.