- Шын жүректен баршаңызды біздің мемлекетіміздің басты мерекесі - Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бұл біздің көпұлтты еліміз үшін өте маңызды оқиға. Тәуелсіздік біздің жарқын болашағымызды, қазақ халқын тұтастыратын келешекті айқындап берді.
«Зенченко и К» серіктестігінің директоры Геннадий Зенченкоға «Парасат» орденін табыстаған облыс әкімі тағы 6 солтүстікқазақстандықты «Құрмет» орденімен марапаттады. Олардың қатарында облыстық маслихаттың хатшысы Кайырлы Едресов та бар.
Сонымен қатар, облыстың 10 тұрғынына «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді. Барлығы 30 облыс тұрғыны марапатталды.