6 тамыз күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 6 тамыз күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

Фото: freepik.com

АСТАНА

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді.

10.00-де «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында ҚР Салық Кодексі жобасының мәселелері бойынша кеңес өтеді. Бизнес-қоғамдастық жаңартылған салықтық әкімшілендіру өзгерістерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылайды.

12.00-де ҚР Ұлттық музейінде Өзбекстанның бейнелеу және халық қолданбалы өнері көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

14.30-да «Қазмұнайгаз» ғимаратында ҚР Энергетика министрі А. Сәтқалиевтің төрағалығымен Орталық Азия мемлекеттерінің энергетика министрлерінің алғашқы кездесуі өтеді.

14.30-да ҚР Ұлттық Музейінің 10 жылдығына орай белгілі қазақстандық зергер, реставратор Берік Әлібайдың «Зергер Берік Әлібай» кітабының тұсаукесері өтеді.