6 тамыз. Тұлғалар туған күн

Фото: Kazinform

Бүгін, 6 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

55 жыл бұрын (1970) Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы САҚТАҒАНОВ дүниеге келді.

Фото: inbusiness.kz

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Жуан-төбе ауылында дүниеге туған. 1992 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын, 2003 жылы Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетін (МЭСИ), Құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолы: 1992-1993 жылдары Сырдария ауданы халыққа білім беру бөлімі № 172 орта мектебі қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі болды. 1993-1994 жылдары ҚР Қорғаныс күштерінде қызмет атқарды. 1994-1995 жылдары Қызылорда қалалық білім бөлімі № 9 орта мектебі қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі, 1995 жылы ҚР Қаржы министрлігі Қызылорда облыстық кеден басқармасы кедендік қорғау және режим бөлімінің инспекторы, 1995-1996 жылдары ҚР Министрлер кабинеті Кедендік комитеті Қызылорда облыстық кеден басқармасы кедендік қорғау және режим бөлімінің инспекторы, 1996-1998 жылдары ҚР Министрлер кабинеті Кедендік комитеті Қызылорда облыстық кеден басқармасы контрабандамен және кедендік ережелерді бұзумен күрес бөлімінің аға инспекторы, 1998-1999 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қызылорда облыстық кеден басқармасы экспорт-импорт операцияларын бақылау бөлімінің бас инспекторының міндетін атқарушы, 1999-2000 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қызылорда облыстық кеден басқармасы экспорт-импорт операцияларын бақылау бөлімінің бас инспекторы, 2000 жылы ҚР Қаржы министрлігі Қызылорда облыстық кеден басқармасы жолаушылар бөлімінің басшысы, 2000 жылы ҚР Қаржы министрлігі Қызылорда облыстық кеден басқармасы жолаушылар қызметінің бас инспекторы, 2000-2001 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қызылорда облыстық кеден басқармасы кедендік қорғау және режим бөлімі бастығының орынбасары, 2001-2006 жылдары ҚР Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитеті органдарында қызметі, 2006-2007 жылдары ҚР Парламентінде Өкімет өкілділігінің бас эксперті, 2007 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті бюджеттік инвестицияларды жоспарлау басқармасы сыртқы инвестиция көздерін жоспарлау бөлімі бастығы, 2007 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі, 2007-2010 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі миграция комитеті төрағасының орынбасары, 2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық — ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2012-2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2015-2018 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімнің бірінші орынбасары, 2018-2021 жылдары Ұлан ауданының әкімі, 2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімі, 2022 жылы Жарма ауданының әкімі, 2022-2023 жылы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, 2023-2025 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған.

Қазіргі қызметін 2025 жылғы ақпан айынан бері атқарып келеді.

50 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Абзал САПАРБЕКҰЛЫ дүниеге келді.

Фото: Gov.kz

Жамбыл облысында туған. Таяу Шығыс техникалық университетін (Middle East Technical University) халықаралық қатынастар мамандығымен бітірген (1999).

Еңбек жолы: 2000-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің референті, атташесі, 2003-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінде атташе, үшінші хатшы, екінші хатшы, 2008 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, 2008-2011 жылдары Женева қаласындағы БҰҰ-ның Еуропа бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігінің кеңесшісі, 2011-2014 жылдары Түркі Кеңесі Хатшылығының директоры, 2014-2017 жылдары Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі/Түркі Кеңесі Бас хатшысының орынбасары, 2017-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды. «Отандастар» қорының президенті (2022 жылдан бастап).

2024 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.

49 жыл бұрын (1976) Астана қаласының прокуроры Ерлан Рахымжанұлы ӨТЕГЕНОВ дүниеге келді.

Фото: kazpravda.kz

Қазақ мемлекеттік заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: Алматы облысы прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығы прокуратурасының статистика, сот және талдау жұмысы бөлімінің бас маманы (1997 жылдан); Алматы облысы Қапшағай қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі; прокуроры, Алматы облысы прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаментінің аға прокуроры; Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаменті басшысының орынбасары; Алматы қаласы табиғатты қорғау прокурорының орынбасары; Алматы облысы Қарасай ауданы прокурорының орынбасары; Ақмола облысы Целиноград, Егіндікөл аудандарының прокуроры; Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры; Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы; Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Кеңесшілер тобының Бас Прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарған. 2019-2022 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары болды.

2022 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.