АСТАНА. KAZINFORM - Париж Олимпиадасында 6 тамыз, сейсенбі күні қазақстандық спортшылар жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, грек-рим күресі, құзға өрмелеу және бокс секілді 5 жарыс түрінен бақ сынайды.
Жеңіл атлетика
13:50. Кедергілер арқылы 100 метрге жүгіру. Ерлер. Жұбаныш кезеңі. Давид Ефремов
00:14. 3 шақырымға жүгіру. Әйелдер. Финал. Нора Джеруто
00:40. 200 метрге жүгіру. Әйелдер. Финал.
Байдарка мен каноэде есу
14:00. Іріктеу. 17:20. Ширек финал. Марина Бровкова, Руфина Искакова
14:00. Іріктеу. 17:50. Ширек финал. Сергей Емельянов, Тимур Хайдаров
14:30. Іріктеу. 18:30. Сергей Токарницкий, Беарыс Раматулла
Грек-рим күресі
14:00 (Іріктеу), 21:15 (Жартылай финал, финал). Демеу Жадраев (77 келі)
Құзға өрмелеу
16:00. Жылдамдық. Ерлер. Іріктеу. Әмір Маймұратов
Бокс
1.02. 50 келі. Жартылай финал. Назым Қызайбай - Ву Ю (Қытай)
Олимпиадада 5 тамыздағы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.