ЕСІМДЕР
Ұлытау өңірінде туған, Мәскеуде, ВГИК-тің сценарлық-кинотанушылық факультетінің кинотану бөлімін тәмәмдаған (1971).
Мультипликация бірлестігінің бас редакторы, «Қазақфильм» киностудиясында сценарлық редакция алқасының мүшесі (1971-1981), Қазақстан кинематографистер одағының хатшысы (1981-1985), М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, театр және кино бөлімінің аға ғылыми қызметкері (1985-1999), Т. Жүргенов атындағы «Театр және кино» институтының проректоры (1993-1994), Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, Мәдениет комитеті, театр өнері және кинематография бөлімінің бастығы (1999-2001) қызметін атқарған. 1993-2017 жылдары Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясында кинотанушылар шеберханасына жетекшілік етті. Отандық кино тарихында кинотанушылардың алғашқы түлектерін оқытып шығарған (1993-1997; 1998-2002; 2002-2006). Қазақстан Республикасы Білім саласының үздік қызметкері атанды (1998). Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының академиялық профессоры (2000). Өнертану профессоры (2005).
Төмендегі кітаптардың авторы: «Қазақ киносының жылнамасы», «Ертегіге жан бітсе: Қазақстанның мультипликациялық киносы» (Алматы, «Өнер», 1984, монография КСРО кинематографистері одағының сыйлығымен марапатталған), «Қазақстан киносы», «Қазақ киносының тарихы», «Экранда «Қазақфильм», «Қазақ киносындағы экрандық-фольклорлық дәстүр», сондай-ақ, 250-ден астам мақала, рецензия мен эссенің авторы.
Жамбыл облысында туған. 1970 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Луговой ауданында Луговой жылқы зауытында аға экономист болып бастады, комсомол, партия қызметтерінде болды. 90-шы жылдары «Тараз» сыртқы экономикалық қауымдастығында жұмыс жасады, «Жамбыл-импекс» қауымдастығын, «Арнабол» ЖШС-ны, сондай-ақ Луговой аудандық экономика басқармасын басқарды. Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы болды. 2011 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бастығы, 2011-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы, 2013-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі аппаратының басшысы. Қазіргі қызметінде 2017 жылғы наурыз айынан бері.
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Қызыл сай ауылында туған.
Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін және Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясын бітірген. Қазақстан Дизайншылар одағының, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. Республикалық «Зергер-99» байқауының ерекше «Зергерлік өнеріне берілген» сертификатының иегері. Көптеген республикалық және халықаралық көрмелерге қатысқан. Б.Әлібайдың жұмыстары Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің, Алматы қаласындағы Орталық Мемлекеттік музейдің қорларында және Түркия, АҚШ, Малайзия, Қатар, Франция, Армения және басқа да мемлекеттердегі өнерді бағалаушылар мен коллекция жинаушыларының жеке жинақтарында бар. Шебер 2013 жылы әлемдік зергерлік өнердің мәдени құндылықтарының дамуына қосқан үлесі үшін құрметті Карл Фаберже орденін алды.
Оңтүстік Қазақстан облысында туған.
Қызылорда педогогикалық институтын, Қызылорда аграрлық-техникалық колледжін, МЭСА дистанциялық білім беру институтын, МЭСА Қызылорда экономика, статистика және ақпарат институтын мұғалім, бухгалтер, заңгер мамандықтары бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын институт бітіргеннен кейін 1992 жылы Қызылорда қаласындағы № 172 орта мектебінде мұғалім болып бастаған. 1993-1994 жылдары ҚР ҚК қатарында болып, әскерден кейін Қызылорданың № 9 орта мектебінде жұмысын жалғастырды.
1995-2001 жылдары Қызылорда облысы бойынша Кеден басқармасының инспекторы, аға инспекторы, бас инспекторы, бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2001-2006 жылдары - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінде бас инспектор, төрағаның көмекшісі, бөлім бастығы (ҚР Қаржы министрлігінің Кеден комитеті, Кеден бақылау агенттігі)
2006-2007 жылдары - ҚР Парламентіндегі Үкімет өкілдігінің бас инспекторы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бөлім бастығы, министрдің кеңесшісі.
2007-2010 жылдары - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары.
2010-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы
2012-2015 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
2015-2018 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары. Қазіргі қызметінде 2018 жылғы мамырдан бері.
ІІ сыныпты кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар Абзал Сапарбекұлы 1975 жылы 6 тамызда Жамбыл облысында туған.
Түрік Републикасының Анкара қаласындағы Таяу Шығыс техникалық университетінде (Middle East Technical University) «Xалықаралық қатынастар мамандығы» (1999 ж.) бойынша білім алған
ҚР Сыртқы істер министрлігінде 2000 жылы референт, атташе қызметтерін атқарған. 2003-2008 жылдар аралығында Қазақстанның Түркия Республикасындағы Елшілігінде атташе, үшінші хатшы, екінші хатшы қызметтерін атқарған.
2008 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Xалықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры.
2008-2011 жылдар аралығында Женева қаласындағы БҰҰ-ның Еуропа бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігінде кеңесші болды.
2011-2014 жылдар аралығында Түркі Кеңесінің Хатшылығының директоры лауазымында болды.
2014-2017 жылдар аралығында Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі/Түркі Кеңесі (Ыстанбұл қаласы) Бас хатшының орынбасары.
2017 жылдың 5 сәуірінен бастап қазірге дейін Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымында.