6 тонналық NASA жер серігінің құлаған жері анықталды
20:31, 28 Қыркүйек 2011
АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ғалымдар алты тонналық ғарыштық жер серігінің көптеген қалдықтарына қарап, нақты құлаған жерін анықтады.
Ғалымдардың мәліметтері бойынша, зерттеу аппаратының сынықтары Атлант, Тынық және Үнді мұхиттарының, сондай-ақ, Канада, Австралия және Африка мемлекеттерінің үстімен ұшқан. Құлаған жері Тынық мұхитының оңтүстік бөлігі деп көрсетіліп отыр, деп хабарлайды Life News.
«Құлаған жері қандайда бір елді мекеннен өте алыс. Жер атмосферасына енгеннен кейін табиғаттағы нысанға түсетін күштерге байланысты жер серігінің дәл бағытын анықтау мүмкін болмады», - делінген NASA хабарламасында.