Әуежай қызметкерлері құқық қорғау органдарына дереу хабар беріп, нәтижесінде «саяхат» жасап жүрген бала ата-анасына аман-сау табысталды, деп жазады шетелдік БАҚ.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шереметьево әуежайының қызметкерлері жүк тасымалдау жүйесіне белгісіз зат кіргендігін байқап қалады. Істі анықтау барысында жүктің арасынан сөмке емес, бала шыққан кезде әуежай қызметкерлері таңғалған. Олар жүк лентасында айналып жүрген 6 жасар баланы көрген кезде, дереу жүк лентасын тоқтатып, баланы шығарып алады.
Әуежай қызметкерлері құқық қорғау органдарына дереу хабар беріп, нәтижесінде «саяхат» жасап жүрген бала ата-анасына аман-сау табысталды, деп жазады шетелдік БАҚ.