Келіп түскен ақпараттар бойынша, 6 жасар ұл бала тапаншаны достарына көрсету үшін үйінен алып келген.
Оқтаулы болған қарудың сақтандырғышы да қосылмаған болып шықты. Нәтижесінде әлгі баланың «ойыны осылып», 6 жасар екі ұл бала, оның біреуі өзі және 5 жасар қыз бала жарақат алады.
Балалар ауруханаға жеткізілген. Қазір полиция тексеру жүргізіп жатыр. Егер қару баланың ата-анасынікі болса, олар жауапқа тартылуы мүмкін.