6 жасар Лиза Пылаеваның өлімі: Жоғарғы сот ақтау үкімін күшінде қалдырды

Фото: freepik.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Жоғарғы сот кәмелетке толмаған Лиза Пылаеваның өліміне қатысты іс бойынша қылмыстық істі қарады.

Апелляциялық сатының өзгеріссіз қалдырған сот үкімімен Елизавета Пылаеваның нағашы тәтесі Ольга Шмакова, нағашы әжесі Леонарда Рыжакова және бағбан Уктаб Махмудов кінәсіз деп танылып, олардың әрекетінде қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталған. 

Сот алқасы істі зерделеп, мынадай қорытындыға келді.

Тергеу барысында анықталғандай, 2019 жылдың 12 мамырында сағат 15:30 шамасында Шмакова өз үйінің ауласында қызғаныштан аулаға жүгіріп шыққан кәмелетке толмаған жиені П.-ны көлігімен басып кеткен.

Үйде бағбан болып жұмыс істеген М. үй иелерінің нұсқауымен П.-ны жуып, басқа киімге ауыстырып, жазатайым оқиғаны елестетіп денесіне мүсін орнатқан. Одан кейін сағат 21:05-те жәбірленушінің атасы мен анасы оны ауруханаға әкеліп, ол өлді деп танылған.

Бұл факті бойынша кәмелетке толмаған баланың әжесі Р. мен отбасының бағбаны М. жәбірленушінің үстіне мүсіннің құлағанын көрсетіп, көрінеу жалған куәлік берген.

– Қылмыстық процестік кодексінің 19-бабында көзделген кінәсіздік презумпциясына сәйкес, айыптау үкімі болжамға негізделуі мүмкін емес және жеткілікті жол берілетін және сенімді дәлелдемелердің жиынтығымен бекітілуге тиіс,– делінген Жоғары сот хабарламасында.

Тергеу органдары жәбірленушінің өлімінің мән-жайын анықтаған жоқ. Бұған іс бойынша жүргізілген сараптамалардың қарама-қайшы қорытындылары дәлел.

– Бес сараптама көліктің жәбірленушіні қағып кеткенін жоққа шығарады. Жеке сарапшы жүргізген біреуі ғана дене жарақатын жоққа шығармайды, бірақ ол көліктің алдында отырған жағдайда ғана, бұл тағылған айыпқа қайшы келеді. Тексерілген көлікте жол-көлік оқиғасының немесе жәбірленушімен басқа да жанасудың іздері табылған жоқ.Қызғаныштан кісі өлтіру уәжі ешбір объективті дәлелдермен расталмайды және куәлардың айғақтарымен және фотоматериалдармен жоққа шығарылады,– делінген хабарламада.

Анонимді куә бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, тергеу кезінде қайтыс болды. Тиісінше, одан жауап алып, берген айғақтарының растығын тексеру мүмкін емес еді. Жәбірленушінің денесінде жануарлардың тістеген іздері баланың ересектердің қарауынсыз қалғанын көрсетеді және жәбірленушіні қасақана ұру нұсқасын жоққа шығарады.

Осылайша, тергеу органдары жәбірленушінің өліміне көліктің оны қағып кетуінен және сотталушының оны басып өткені туралы дәлелдер келтірген жоқ. Ш.-ның кінәсі анықталмағандықтан, Р. мен М-нің әрекеттерінде де қылмыс белгілері жоқ.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Жоғарғы Соттың сот алқасы соттың ақтау үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Осыған дейін Алматының Наурызбай аудандық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 6 жасар қыздың өліміне қатысты істі қарап, айыпталушылардың бәрін ақтап шығарған болатын.

Еске сала кетейік, Елизавета Пылаева 2019 жылдың 12 мамыры күні белгісіз жағдайда қайтыс болғаны туралы жазғанбыз.