Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, Павлодар облысында кей жерлерде көктайғақ болады. Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарына тұман түседі, Алматы облысында кей жерлерде көктайғақ болады. Жамбыл облысында, түнде Қарағанды облысында кейбір жерлерінде жел 15-20 м/с-ке күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады. Атырау облысында, түнде Маңғыстау облысында жел 15-20 м/с-ке күшейеді деп күтілуде, Атырау облысында кей жерлерде көктайғақ болады. Ақтөбе, Қостанай облыстарында жел екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін, боран соғады, тұман түседі, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-ке күшейеді деп күтілуде, боран соғып, көктайғақ болады, тұман түседі, деп хабарлайды «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
19:20, 05 Желтоқсан 2013
6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы - Қазгидромет
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - "Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша, Қазақстан республикасының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыздығы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын болады деп күтілуде, боран соғып, жел күшейеді, көктайғақ болады, тұман түседі.