60 адам мінген кеме Үнді мұхитына батып кетті

АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - Үнді мұхитына бортында шамамен 60 адам болған кеме батып кетті. Бұл туралы Ресейдің Жаңалықтар агенттігі хабарлады.

Рождество аралынан солтүстік-батысқа қарай 120 шақырым жерде теңізде тоғыз адамның денесі, сондай-ақ кеме қаңқасының сынықтары табылды. Іздестіру операциясына австралиялық шекара қызметінің және әскери-теңіз флотының кемелері жұмылдырылды.

Теңіздегі қауіпсіздік жөніндегі австралиялық қызметтің баспасөз хатшысы қазіргі уақытта қаза болғандардың ұлтын және олардың бет алған бағыттарын анықтау мүмкін болмағанын мәлім етті.