60 мың тұрғын Мосулды тастап шыққан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иракта үкімет әскері Мосул қаласын содырлардан азат ету операциясын бастағалы бері шаһарға тиесілі аумақтан 60 мың тұрғын бас сауғалап көшкен, деп жазады «Хабар 24».

Тек қаланың өзінен 16 мыңдай адам қашып шықты. Бұл туралы Халықаралық көші-қон ұйымы мәлімдеді. Өйткені лаңкестер шаһардағы тұрғындарды еш кінәсіз жазалауды күшейткен әрі одақтас елдердің әуе күштері де қаланы жиі бомбалайды.

Ал қазір үкімет әскері шаһардың шығыс аудандарының үштен бір бөлігін азат етіп үлгерді. Бірақ соңғы күндері ауа райының қолайсыздығына байланысты жергілікті жасақтар шабуылды бәсеңдеткен.